Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

    05.07.2025

    Кәкен Қамзин қартайған шағында жалғыз үйінен айрылмақ

    05.07.2025

    Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне қатысады

    02.07.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Жексенбі, 6 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

      05.07.2025

      Кәкен Қамзин қартайған шағында жалғыз үйінен айрылмақ

      05.07.2025

      Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне қатысады

      02.07.2025

      Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

      27.06.2025

      Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

      12.06.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

      15.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Полицияның сервистік жұмыс моделіне көшуі: Жамбыл облысында фронт-кеңселер ашылды

    Полицияның сервистік жұмыс моделіне көшуі: Жамбыл облысында фронт-кеңселер ашылды

    Өңір тынысы 06.06.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының Меркі және Жуалы аудандарында полицияның фронт-кеңселері ашылды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Меркі және Жуалы ауданының полиция бөлімдерінде фронт-кеңселер ашылды, бұл полицияның сервистік жұмыс моделіне көшуі бойынша кезекті қадам болып отыр.

    Меркідегі «Азаматтарды қабылдау бөлмесі» фронт-кеңсесі 4 маусымда  жергілікті полиция бөлімі ғимаратында ашылды. Келушілерді қабылдауға арналған кең залда күту креслолары және екі үстел бар, онда адамдарды ЕТБ мемлекеттік автоинспекторы Жандос Қалысбаев пен АПБ көші-қон қызметі тобының аға инспекторы Әнуар Мамытбеков қабылдайды. Өтініш берушіге барлық қажетті қағаздарды ресімдейтін кеңсенің терезесі бар.

    Салтанатты ашылу рәсімінде Жамбыл облысының Полиция департаменті бастығы Арман Оразалиев атап өткендей, бұл облыстың аудандарында ашылған алғашқы фронт-кеңсе. Ал, Тараз қаласында өткен жылдың соңында ашылған кеңсе өзінің тиімділігін дәлелдеді, мұнда 1,3 мыңнан аса адам өтініштерімен келді. Алдағы айларда осындай фронт-офистер әрбір ауданның полиция бөлімінде жұмыс істейді.

    Шараның құрметті қонағы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Равиль Тюлебаев болды, ол өз сөзінде мұндай кеңселер ішкі істер органдарының халықпен өзара іс-қимылының жаңа, ашық нысаны болып табылатынын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейін төмендетуге қызмет ететінін атап өтті.  Өз кезегінде жергілікті тұрғындар атынан сөз алған ақсақал Қамбарбек Иманалиев мұндай реформалар азаматтардың құқықтық тәртіп сақшыларына деген сенімін арттыратынын атап өтті.

    Фронт-кеңсеге бірінші келушілерді Арман Оразалиев пен Равиль Төлебаев жеке қабылдады, қойылған сұрақтар бойынша  жан-жақты ақпарат берілді.

    Келесі күні Жуалы ауданында осындай фронт-кеңсе ашылды, оған Жамбыл облысының Полиция департаменті бастығы Арман Оразалиев пен Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков қатысты, сондай-ақ, ардагерлер, жұртшылық және аудан тұрғындары өз сұрақтарымен келді.

    Салтанатты ашылу рәсімі аяқталғаннан кейін қонақтар келушілерге арналған залды аралап, полиция қызметкерлерінің жұмысымен танысты.

    Жаңа фронт-кеңседе азаматтар үшін қабылдау бөлмесінің қызметкерлері өтініш берушілермен тікелей жұмыс істейтін болады, бұл өтініштерді қарау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді және мәселелерді шешуде қол жетімділікті, ашықтық пен жеделдікті  қамтамасыз етеді.

    құқық қорғау органдары полиция

    Оқылып жатыр

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

    05.07.2025

    Кәкен Қамзин қартайған шағында жалғыз үйінен айрылмақ

    05.07.2025

    Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне қатысады

    02.07.2025

    Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

    27.06.2025

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.