Бүгін Праймеризге қатысушылардың сайлауының үшін күні. «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының №3 учаскесінде болып, онлайн режимінде дауыс берді.
Жалпы, облыс бойынша праймеризге 768 үміткер қатысуда. Оның 269-ы әйелдер, 222-сі 35 жасқа дейінгі жастар, 28-і көп балалы аналар, 8-і мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Айта кету керек, кандидаттардың басым бөлігі, яғни 657 адам өзін-өзі ұсынған. Осы уақытқа дейін олардың қатысуымен шамамен 2800 іс-шара және 176 қоғамдық пікірсайыс өткізілген.
Қазіргі таңда жамбылдықтар үміткерлерге дауыс беруде белсенділік танытуда. Таңертеңгі сағат 10:00-ге дейін учаскелерше шамамен 42 500 адам келеді деп күтілсе, ресми мәліметтерге сәйкес, осы уақытқа дейін 31 855 азамат өз таңдауын жасаған. 4,5 мыңнан астам жамбылдықтар дәстүрлі түрде дауыс беруді таңдады.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі