Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сейсенбі, 10 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Президент Жолдауын жүзеге асыруға әрбір азаматтың атсалысуы маңызды – Сапарбаев

    Президент Жолдауын жүзеге асыруға әрбір азаматтың атсалысуы маңызды – Сапарбаев

    Өңір тынысы 31.03.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы басым бағыттар мен бастамалардың жүзеге асу жоспары және барысы туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі де түрлі еңбек ұжымдары, жастар, қоғам өкілдері, қарапайым тұрғындармен кездесіп, Жолдаудың маңызды әрі тарихи шешімдерге негізделгенін айтып, одан туындайтын міндеттемелерге тоқталуда.

    Бұл жолы аймақ басшысы Тараз қаласындағы №22 орта мектепте қант зауыты шағын ауданының тұрғындарымен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстар, алдағы жоспарлар туралы баяндап, олардың өзекті мәселелері бойынша өтініштерін тыңдады. Кездесуге ҚР Президент әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Ғали Кенжеахметов және облыстық мәслихаттың хатшысы Махметғали Сарыбеков қатысты.

    Мемлекет басшысының Жолдауы бойынша облыста 11 ақпараттық-насихаттық топ құрылған. 130 мүшесі бар бұл топтарға негізінен қоғамдық ұйым өкілдері, қоғам белсенділері,  БАҚ өкілдері енді. Олар қала, аудан, ауыл тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдауда. Мемлекет басшысы өз Жолдауында көппартиялы жүйені  жетілдіру, мәжіліс пен мәслихаттардың рөлін күшейту, азаматтық қоғамды дамыту, биліктің халықпен кері байланысын нығайтуға айрықша назар аударды. Осы тұрғыда жергілікті атқарушы органдарға да жүктелетін жауапкершіліктің жүгі ауыр, — деді Сапарбаев.

    Өңір халқымен кездесу

    Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Соңғы сайлауда облыстағы мәслихат депутаттары  85 пайызға жаңарды. Олардың құрамында облыста қазір филиалдары жұмыс істейтін  5 партияның да өкілдері бар. Халықтың талабына сәйкес Қоғамдық кеңестердің де құрамы айтарлықтай өзгеруде.

    Біз «Қаңтар оқиғасынан» кейін өңірде «Қоғамдық  қабылдау»  тобын құрдық, оған қоғам белсенділері, зиялы қауым, БАҚ өкілдері және тағы басқалар енді. Олар аудан, ауылдардағы жергілікті тұрғындармен кездесіп, өзекті әлеуметтік мәселелерді анықтап, тиімді шешілуіне жұмыс істеуде. Топ жұмысының алғашқы нәтижелері көңіл көншітеді. Әсіресе, «Қоғамдық қабылдау» тобы «Қаңтар оқиғасынан» кейін түсіндіру, ақпараттық жұмыстармен жүйелі түрде айналысуда. Бұл бағыттағы шаралар жалғасатын болады, — деді Сапарбаев.

    Атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталған аймақ басшысы өткен жылы облыстың экономикалық өсімі 105,8 пайызды құрағанын атап өтіп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру бойынша қолға алынған шараларды тілге тиек етті.

    Жалпы, бүгінгі таңда облыс аумағында 36 әлеуметтік дүкен жұмыс істеуде, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 4,1 мың тонна қоры қалыптасқан және 100-ге жуық ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылған.Облыс әкімімен кездесу

    Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыста мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, аймақтық деңгейдегі жобаларды жүзеге асыру да игі үрдіске айналған. Атап айтсақ, «Жомарт түлек» жобасы шеңберінде 157 мың түлектің демеушілігімен облыс аумағында 8,8 млрд. теңгеге 393 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.

    Ал, ата-баба дәстүрін жаңғыртқан «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 2020 жылы 99 үй, былтыр (2021 ж.) 134 үй пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы салынатын үйлердің саны 134-тен кем болмайды деп жоспарлануда.

    Сондай-ақ, «Таразға тарту» жобасы бойынша өткен жылы облыс орталығында 2,1 млрд.теңгеге 42 нысанда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.  Ол биыл да жалғасын табады. Одан бөлек, осы жылы «Жаңғырған Жаңатас» жобасы қолға алынады. Осылайша, тек облыс орталығын ғана емес, шағын қалалалар мен аудан орталықтарының да шырайын арттыруды көздеп отырмыз. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» шегінде 12,7 млрд.теңгеге демеушілер қаражаты есебінен облыс орталығында 10 əлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілді, — деді облыс әкімі.

    Әкімнің қабылдауында

    Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Өз кезегінде Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев қалада атқарылып жатқан ілкімді шаруалар мен жоспарлы жобаларға қысқаша тоқталды. Шаһар басшысы бұған дейін №4 аумақтық округтің тұрғындарымен өткен кездесулерде көтерілген мәселелердің шешілу барысын жеткізді.

    Бұдан соң түрлі өзекті сауалдарын жолдаған тұрғындарға жауаптар берілді. Жиынды қорытындылыған Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауындағы міндеттерді  орындауға әрбір азаматтың атсалысуы маңызды екенін баса айтты.Әкімнің қабылдауында

    Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Кездесуден соң облыс әкімінің аумақтық округ тырғындарын жеке қабылдауы өтті. Онда көтерілген мәселелердің барлығы заң аясында шешілмек.

    Аймақ басшысы Мемлекеттік инспектормен бірге №22 мектепті аралап, былтыр ғана пайдалануға берілген жаңа оқу ордасының жай-күйімен, жұмысымен танысты.

    Оқылып жатыр

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

    15.03.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.