Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ербол Хамитов Паралимпиада алтынын иеленді

    13.03.2026

    Атыраудағы BINOM мектебіндегі пышақтасу: оқушы қыз ауруханаға түсті

    13.03.2026

    Жол құрылысының жаңа технологиялары: Алматыда студенттерге тәжірибелік дәріс өтті

    13.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 14 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ербол Хамитов Паралимпиада алтынын иеленді

      13.03.2026

      Атыраудағы BINOM мектебіндегі пышақтасу: оқушы қыз ауруханаға түсті

      13.03.2026

      Жол құрылысының жаңа технологиялары: Алматыда студенттерге тәжірибелік дәріс өтті

      13.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 2-орынға көтерілді

      13.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026

      Атырауда 15 жастағы оқушы жоғалды

      26.02.2026

      Абай университетінде түлектердің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған «Сұхбат» жобасы өтті

      24.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Президент жұмыс сапарымен Таразға келді

    Президент жұмыс сапарымен Таразға келді

    Өңір тынысы 03.06.2019
    © facebook.com
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапармен Жамбыл облысына келді, — деп хабарлайды Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли.

    «Тараз қаласында өндіріс және мәдени орындарда болып, облыс жұртшылығымен, еңбек ұжымдарымен, жастармен кездесуі жоспарланған», — деп жазды Берік Уәли.

    «Облыста туризм индустриясын дамыту. Әлемдегі әрбір оныншы жұмыс орны туризм саласымен байланысты.
    Бұл бағытқа ерекше көңіл бөлу керек. Өңірде туристерді қызықтыратын тарихи орындар жеткілікті. Бес нысанға ЮНЕСКО тарапынан халықаралық мәртебе берілген (ежелгі қалашықтар: Ақтөбе-Баласағұн, Құлан, Өрнек, Қостөбе, Ақыртас). Жамбыл жеріндегі Айша Бибі және Қарахан кесенелері, Жайсаң киелі жері, Көксай шатқалы және басқа да тарихи орындар – халқымыз үшін ортақ мәдени құндылықтар. Үкімет туризм саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдауда. Оған ең маңызды 10 туристік нысан кіреді. Оның екеуі Алматы өңірінің тау кластері. Ал Түркістанның тарихи-мәдени туристік орталығы Жамбыл облысымен шекаралас орналасқан.
    Өңірдің тарихи-мәдени маңызын ескере отырып, Жамбыл облысының әкіміне, үш облыс аумағымен өтетін «Жаңа Жібек жолы» экспедициялық маршрутының (Алматы, Түркістан, Жамбыл) туристік инфрақұрылымын дамытуды тапсырамын. Аймақтың туристік қуатын арттырып, инвестиция тарту үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет.
    Үкімет пен әкімдік бұл саланы бірлесе дамытуға күш салуы керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    «Облыстағы қылмыс көлемін азайту керек. Қазақ амандасқанда «Мал-жан аман ба?» деп жөн сұрасқан. Дегенмен, соңғы кезде қорадағы малын таппай қалатын азаматтар көбейіп барады. Өткен жылы елімізде 5,5 мың мал ұрлығы тіркелген. Ұрлық жақсылыққа апармайды! Бұған тыйым салу керек! Адал еңбек етіп, күнін көріп отырған малшыларды қорғауымыз қажет! Заңды қатайтып, қылмыскерлерді сыбайластарымен қосып, қатаң жазалау керек.
    Ішкі істер министрлігі қызметкерлерімен кездесуде осы мәселеге қатысты нақты тапсырмалар бердім. Сондықтан, әкімдіктер мен жергілікті полиция барымтаға қарсы шұғыл шаралар қабылдауы тиіс. Қылмыстық кодекске тиісті өзгертулер енгізу қажет. Парламент депутаттары осы бастаманы қолдап, мәселенің оң шешім табуына атсалысады деп сенемін.

    Облыстағы келесі өткір мәселе — есірткі қылмысының ушығуы. Бұл — бүкіл қоғамды алаңдатқан өзекті мәселе.
    Өкінішке қарай, қазіргі озық технология дамыған заманда «есірткі бизнесінің» дәурені жүріп тұр. Есірткі сататын «астыртын» жарнамалар қаптап кетті. Тіпті, арнайы сайттар ашылған.Бұл, ең алдымен, жастардың санасын және денсаулығын улайтын кесел. Мұны тоқтату қажет! Жол бермеу керек! Заң жүзінде тосқауыл қоюымыз аса маңызды! Есірткі сатуды кәсіпке айналдырған қылмыскерлер қатаң жазалануы керек! Полиция қызметкерлеріне осы мәселе бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырамын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке медицина саласы қызметкерлерінің мәртебесін көтеру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Әкімдіктер бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізуі тиіс. Медицина саласы қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз етіп, ауылға келген жас дәрігерлерді ынталандыру керектігін айтты.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз

    Оқылып жатыр

    Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

    13.03.2026

    Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

    13.03.2026

    Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

    04.03.2026

    Атырауда 15 жастағы оқушы жоғалды

    26.02.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ербол Хамитов Паралимпиада алтынын иеленді

    13.03.2026

    Атыраудағы BINOM мектебіндегі пышақтасу: оқушы қыз ауруханаға түсті

    13.03.2026

    Жол құрылысының жаңа технологиялары: Алматыда студенттерге тәжірибелік дәріс өтті

    13.03.2026

    Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

    13.03.2026

    Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 2-орынға көтерілді

    13.03.2026

    Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

    13.03.2026

    «Қызылорда — Ақтөбе» төрт жолақты автожолының құрылысы басталды

    13.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.