Алматыдағы Kaisar Plaza бизнес орталығы электрон сауда арқылы сатылымға шығарылды, алайда сатып алушы табылмады, деп хабарлайды Tarazy.kz.
Алматыдағы Kaisar Plaza бизнес орталығы электрон сауда арқылы сатылымға шығарылды, алайда сатып алушы табылмады, деп хабарлайды Tarazy.kz.
7 сәуірде нысан аукционда 61,5 миллиард теңгеге бағаланды. Бұл сомаға ғимараттың өзін және жер телімін жалға алу құқығы кіреді. Сауда бағаны көтеру тәсілімен өтеді деп жоспарланған. Сатылым туралы хабарландыруды 2 миллионға жуық адам қарағанымен, нақты сатып алушы табылмаған.
Порталдағы мәліметте аукцион басталған сәтте сауда залына тіркелген қатысушылар болмағаны жазылған.
Бизнес орталық Қайтарылған активтерді басқару компаниясының қарамағында. Нысанды бұған дейін мемлекетке Қайрат Сатыбалды тапсырған.
Тергеу барысында ғимарат заңсыз жолмен алынғаны анықталып, 2023 жылы Қаржы министрлігінің балансына берілген.
Kaisar Plaza — тоғыз қабатты кешен, панорамалық қабаты мен автотұрағы бар заманауи сауда-кеңсе орталығы. Қазір мұнда 53 жалға алушы жұмыс істейді. Олардың қатарында ірі банктер, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық тамақтану орындары бар.