Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

    27.06.2025

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сейсенбі, 1 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

      27.06.2025

      Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

      12.06.2025

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

      15.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

    Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

    Басты тақырып 27.06.2025
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Әйгілі Қарқара жайлауында өткен «Қымызмұрындық-2025» мәдени шарасы мен «Жолан жүйрігі» Республикалық ат бәйгесі ұлттық рухты көтеріп, дәстүрді дәріптеген ұлы тойға айналды.

    Әлемнің 10 мемлекетінен 10 000-нан аса адамжиналып, қазақ халқының байырғы салт-дәстүрі мен ұлттық спорт түрлерінің мерекесіне куә болды.

    Қымызмұрындыққа жаналған қауымды күбі піскен100 келіншек қарсы алды. Тағы 100 бойжеткенқонақтарға қымыз, ыстық бауырсақ пен майлы құртұсынды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеген игі шарада қонақтарға 1000 литр қымыз тегін таратылды.

    Фото: Досжан Балабекұлы / «Фотоөнер» ҚБ

    Ары қарай кимешектер көрмесі, қолөнер шеберлерінің, этномәдени орталықтардың, ауыл шаруашылығы өнімдері мен техникаларының, қолөнер және суретшілер көрмесімен жалғасты. Ал Қазақстан этнодизайнерлер одағы мүшелерікелушілерге шеберлік сабақтарын өткізді.

    Фото: Досжан Балабекұлы / «Фотоөнер» ҚБ

    Театрландырылған қойылым, концерттік бағдарлама, спорттық жарыстар мен шоу да Қымызмұрындықтың әрін келтіре түсті.  Қыз қуу, бөрене көтеру, қазақ күресі, теңге ілу, жамбы ату, «Толағай» палуандар сайысы, 15 келі қымыз ішуден жарыс және «Топжарған» шоу бағдарламасы көпшіліктің делебесін қоздырып, нағыз мерекеге айналды.

    Фото: Досжан Балабекұлы / «Фотоөнер» ҚБ

    Жарыстардың қорытындысы бойынша «Толағай» алыптар сайысында Азамат Макулбеков (Арыс қаласы) алтын алқа тағып, 1 000 000 теңге иеленді. 2 орын Евгений Инкинде (Іле ауданы) – 600 000 теңге, ал үшінші орын Астана қаласынан келген Жаннұр Маутан алды. Олар тиісінше 600 мың, 400 мың теңге ге ие болды.

    Ал қазақ күресінен алтынға Кеген ауданы атынан қатысқан Бексұлтан Әнуарұлы, Еңбекшіқазақ ауданынан келген Аян Байғазы 2-ші, Жетісу облысынан келген Жансерік Жұмабай 3-ші орын алды.

    Жетісу облысынан келген Айдын Нұғымановқошқар көтеруде алдына жан салмады. 120 келілік қошқарды 30 рет көтеріп, жеңімпаз атанды.

    Арқан тартыста «Қазақ күресі» командасы 1-ші орын, Тұйық командасы, Сүмбе командасытиісінше 2-ші, 3-ші орынға ие болды. Барлық жеңімпаздар диплом, медаль, кубок және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

    Бұдан кейін Қымызмұрындық салтанатты театрландырылған қойылыммен ашылып, 50 шабандоздан құралған салт атты шерумен жалғасты. Шеруді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері Омар Қиқым бастап, дәстүрлі бата берді.

    Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым облыс әкімі  Марат Сұлтанғазиевтің құттықтауын оқыды.

    «Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда: «Халқымыздың ата-бабадан мирас болған мол мұрасы бар. Оны заман талабына  сайжаңғыртып, барынша насихаттауымыз керек», – деген еді. Қымызмұрындық – бабадан қалғанмұраның бірі. Бүгінгі іс-шарамызға онға жуықшет мемлекеттің өкілдері, еліміздің айтулымемлекет және қоғам қайраткерлері, белгіліәдебиет және мәдениет майталмандары, республикалық қоғамдық ұйымдар, этномәденибірлестік өкілдері қатысып отыр. Осының өзіқазақ халқы мен оның ұлттық мәдениетіне дегенүлкен құрмет деп білемін. Қымызмұрындық – рухани кодымызды жаңғыртатын мазмұндыбастама. Қымыз дайындау – ұлтымыздың өмірлікфилософиясы. Бие байлау, қымыз ашыту, сақтау, оны келген қонаққа ұсыну халқымыздың ғасырларбойы жалғасып келе жатқан ерекше дәстүрі. Бізбүгін баба жолын жалғастыру мақсатындазаманауи технологияларды пайдаланып, қымызөндірісі көлемін арттырып, оны сақтау, тасымалдау және сауда желілеріне жеткізужолын жалғағымыз келеді. Қымыз өндірісі жылқышаруашылығына тікелей байланысты. БүгіндеАлматы облысындағы жылқы саны 268 мың басқажетіп, өткен жылмен салыстырғанда 6 пайызғаөсіп отыр», делінген құттықтауда.

    Фестивальдің құрметті қонақтары қатарында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысы Түп ауданының әкімі Канибек Абиев, ҚР Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Күлкенов, қоғам қайраткері Тоққожа Естенов және Республикалық аналар кеңесінің төрайымы Назипа Ыдырысқызы құққытау лебізін білдірді. Жолан Омарұлының әкесі Ыбырайақын ақсақал ұйымдастырушылар мен Кеген жұртшылығына алғысын білдіріп, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев пен аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаевқа ризашылығын жеткізді.

    Фестивль мерекелік концертке ұласып,  ҚР жәнеҚырғызстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықиегері Алтынбек Қоразбаев, сондай-ақ «Алатау серілері», Ұлту Қабаева, Нұрболат Абдуллин, Бейбіт Қорған, «Абырой» тобы өнер көрсетті. «Сүйінбай сазы» мен «Топжарған» топтары, жергілікті жыршылар мен ақындар алаңды ән мен жырға бөледі.

    Ал «Жолан жүйрігі» Республикалық ат бәйгесіне Қазақстаннфң әр өңірі мен ҚырғызРеспубликасынан 150-ге жуық жүйрік тұлпар мен шабандоздар қатысты. Оның нәтижесі бойынша Аламан бәйгеде (31 шақырым) Мейір Дәулетбаймінген Жамбыл облысы Қордай ауданынан келгенАйбалта топ жарып, ат иесі Айдар НұрмұхаметовChangan кроссоверіне ие болды. Шабандоз МанасЗамирбеков мінген Қарагер екінші келіп (ат иесі: Шаабиден Токтосартов, Қырғыз республикасы) 2 500 000 теңге жүлдесін алды. Аңсар Арыстанбекмінген жүйрік – Отырар, мәре сызығын үшіншіболып кесіп (ат иесі: Сапарғали Сәтбаев, Алматы облысы Балқаш ауданы) 1 000 000 теңге жүлдеалды.

    Фото: Досжан Балабекұлы / «Фотоөнер» ҚБ

    Топ бәйгеде (18 шақырым)  Нұрислам Амангелді(Қалқаман; Ат иесі: Мағауия Қазбеков, Алматы облысы Талғар ауданы) бірінші келіп, Changanкроссоверін ұтып алды. Екінші орын Мерей Ғарипуллинде (Мамайқара; Ат иесі: Секенай Бөбекбаев, Қарасай ауданы Тұрар ауылы, жүлде: 1 000 000 теңге). Ал Раян Тілеубай мінген Мерседес (ат иесі: Азамат Молдатайұлы, Райымбек ауданы Қайнар ауылы, жүлде: 700 000 теңге) үшінші орынға ие болды.

    Құнан бәйгеде (9 шақырым) бірінші орын Арсен Болотбеков мінген Роки атты тұлпардың (Ат иесі: Сталбек Жаманкулов, Қырғызстан, Ыстықкөл, жүлде: 2 000 000 теңге) қанжығасында. Екінші орын Айбатыр Сейтботқаловта (Айбатыр, ат иесі: Ертай Құрманғалиев, Алматы қаласы, жүлде: 1 000 000 теңге). Үштікті Аян Әміртай мінген Бойтұмар (ат иесі: Нұрғали Жайлауов, Жамбыл облысы Тереңөзек ауылы, жүлде: 500 000 теңге) түйіндеді.

    Фото: Досжан Балабекұлы / «Фотоөнер» ҚБ

    Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаевтың айтуынша аудан жұртшылығы Қымызмұрындықты соңғы уақытта екі жылда бір рет, аудандық деңгейде өткізсе, соңғы екі жылда республикалық жиын, тіптен халықаралық фестиваль деңгейіне жеткізуге тырысып келеді.

    «Бұл іс-шара өңір басшысы Марат Елеусізұлының қолдауымен және халыққа салт-дәстүрді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған, тек қана той емес, шын мәнінде мағыналы жиын. Салт-дәстүрмен жалғасқан ауыл шаруашылықкөрмелері, қолөнер шеберлері және ұлттыққұндылықтарды дәріптеу, мәдениетіміздінасихаттау, ұлттық спорт түрлерін қолдаумақсатында үлкен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Қымызмұрындықта елугежуық киіз үй тігіліп, оған аудан әкімдері, мекемеөкілдері мен инвесторлар қолдау білдіріп, халықтықарсы алып жатыр. Яғни бұл жиын тек той тойлау емес, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мәдениетті көтеру, туризмді дамыту жәнеұлттық спортты насихаттау мақсатын көздейді. «Жалғыздың үні, жаяудың шаңы шықпас» дейдіхалқымыз, бұл үлкен іс-шара да сондай бірігудіңнәтижесі. Алқалы бас қосуды бір мен емес, барлықәріптесім, облыстық басқарма басшыларынанбастап аудан әкімдеріне дейін біргеұйымдастырып отыр. Облыс әкімініңорынбасарлары арнайы келіп, жиынымызғабелсенді қатысып жүр.  Туризмді насихаттапжатқан кәсіпкерлердің жұмысы да осы қымызмұрындық арқылы көрініс тапты. «Жоланжүрегі» атты үлкен бәйге мен ұлттық спорттықжарыстар да осы іс-шараның бір бөлігі ретіндеөтіп жатыр», дейді аудан әкімі.

    Фестивальдің тағы бір ерекшелігі —  Қымызмұрындыққа арнап арнайы бюджет бөлінбеген.

    «Әр ауданның әкімдері мен кәсіпкерлері демеуші болып, киіз үйлер тігіп, қонақтарды күтіп, ұлттық көрмелерін ұсынып жатыр. Ал мәденижәне спорттық іс-шараларға келсек, олбағыттарға арнайы қаржы басқармалартарапынан қарастырылды. Биылғы бәйгеге екіавтокөлік тігілді. Бұл автокөліктер ЖоланОмаровтың ағасы – Ұлан мырзаның және оныңжолдастарының демеушілігімен ұлттық спорттықолдау мақсатында беріліп отыр. Ауданымыздыңтабиғаты өте көркем, сұлу. Осындай табиғатаясында туризмді дамыту тек Көлсай мен Қайыңдымен шектелмейді. Мысалы, Мыңжылқыауылы, Шарқұдық, Қарқара жайлауы, Тұйық өзенімаңайы – бәрі де туристік әлеуеті зор орындар. Қазір солардың бәрінде туристікинфрақұрылымды дамыту жұмысы жүріпжатыр. Келесі жылға арналған қымызмұрындықжобалары да нақ осы бағытқа негізделмек. Келесіжылы бұл іс-шара бұдан да ауқымды деңгейдеөтеді деген ойдамыз. Биылғы қымызмұрындық пен «Жолан жүйрігі» бәйгесі – соның алғышарты», – дейді Нұрбақыт Теңізбаев.

    Жолан жүйрігі Кеген ауданы Қарқара қымызмұрындық Қымызмұрындық-2025

    Оқылып жатыр

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

    27.06.2025

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.