Close Menu
    Оқылып жатыр

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

    06.05.2026

    Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

    05.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 9 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

      06.05.2026

      Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

      05.05.2026

      Адам өмірі қымбат: Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

      05.05.2026

      БАӘ ОПЕК-тен шықты: Қазақстан экономикасына әсері қандай?

      05.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Алматыдағы Неке сарайы мемлекет меншігіне қайтарылды: жаңа сот шешімі шықты

    Алматыдағы Неке сарайы мемлекет меншігіне қайтарылды: жаңа сот шешімі шықты

    Жаңалықтар 28.11.2025
    instagram.com/dvorets.almaty
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Алматы қаласы әкімдігінің Мемлекеттік активтер басқармасы “Жас отау” неке сарайын сенімгерлік басқаруға алған “Алтын дән Қазақстан” компаниясына қарсы кезекті сотта тағы да жеңіске жетті, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Bes.media агенттігінің мәліметінше, тарихи-мәдени мұра саналатын нысан 2016 жылы 20 жылға “Алтын дән Қазақстан” компаниясына сенімгерлік басқаруға берілген. Компания келісім бойынша сарайға кемінде 500 млн теңге көлемінде жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізуі тиіс болған.

    Алайда міндеттемелер орындалмаған соң, прокуратура 2022 жылы келісімді бұзуды талап етті.

    2023 жылы сот ғимаратты мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды.

    2024 жылы шешімді уақытылы орындамағаны үшін компаниядан 1,2 млн теңге айыппұл өндірілді.

    Даудың жаңа кезеңінде жағдай басқаша өрбіді. Бұл жолы компанияның өзі мемлекеттік органнан шығындарын өтеп беруді талап етті.

    “Алтын дән Қазақстан” сенімгерлік басқару кезінде жөндеу, абаттандыру және жабдықтауға қаржы салғанын алға тартып, мемлекеттен 157,3 млн теңгені өндіріп беруді сұрады.

    Мемлекеттік активтер басқармасы сотта бұрынғы шешімдерге сүйене отырып, компания өз міндеттемелерінің басым бөлігін орындамағанын еске салды.

    Атап айтқанда, жобалық-сметалық құжаттама дайындалмаған, күрделі жөндеу жүргізілмеген, инвестициялық жоспар жүзеге аспаған, нысанның өзі нашарлаған.

    Бұл деректер прецеденттік сипатқа ие, яғни қайтадан дәлелдеуді қажет етпейді.

    Прокурор да талапты қанағаттандыруға негіз жоқ екенін айтты.

    Сот та компанияның талап арызын қанағаттандырмады. Оған себеп шығындардың негізділігі дәлелденбеген, келісілген жобалық құжаттар жоқ, уәкілетті органдардың рұқсаттары ұсынылмаған, тарихи нысан болғандықтан, Мәдениет басқармасымен келісім де алынбаған.

    “Алтын дән Қазақстан” ЖШС-нің 157,3 млн теңге өндіру туралы талабы қанағаттандырылмасын”, — делінген соттың ресми шешімінде.

    Алматы жас отау Мемлекеттік активтер басқармасы неке сарайы сот

    Оқылып жатыр

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

    06.05.2026

    Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

    05.05.2026

    Адам өмірі қымбат: Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

    05.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

    06.05.2026

    Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

    05.05.2026

    Адам өмірі қымбат: Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

    05.05.2026

    БАӘ ОПЕК-тен шықты: Қазақстан экономикасына әсері қандай?

    05.05.2026

    Өскемендегі Казцинк зауытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

    05.05.2026

    Үш айда 226 адам жемқорлық күдігіне ілінді, залал 4,2 млрд теңге

    05.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.