Close Menu
    Оқылып жатыр

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 1 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

      01.04.2026

      Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

      01.04.2026

      Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

      01.04.2026

      Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

      01.04.2026

      Жүсіпбек Қорғасбек роман жазып 15 млн жеңіп алды

      01.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қазақ әдебиетіндегі жаңа серпін: Ақберен Елгезектің «Дардай» романы

    Қазақ әдебиетіндегі жаңа серпін: Ақберен Елгезектің «Дардай» романы

    Жаңалықтар 30.01.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    «Қазақ кітабы және нарық» деген аса зор проблема 30 жылдан бері шешілмей келеді. Жұрттың бәрі де қаламгерлердің билік тендермен шығаратын 1-2 мың тиражбен шығатын кітабын місе тұтып, ол қолында барлардан атан-түйедей сұрап алатын күйге ұшырады.

    Міне, осыны ескермей, былайғы жұрт «қазақ кітап оқымауға айналды» деп қара аспанды төндіретін күйге жеттік. «Ұра берсең Құдайда өледі» демекші, қазақ жұртының санасына осы пікір әбден сіңіп те кетті. Қазақ кітап оқымайды емес, нарықтағы жағдай оқытпайды деген жөн сөзді ұғатын жан табылмайтын болды.

    Осы догманың сеңін белгілі ақын, әрі қарымды да, алымды жазушы Ақберен Елгезек «Дардай» романымен бұзды.

    Бұған дейін Ақберен бауырымыз прозада өзінің бағын сынап, «Болмаған балалық шақ» романымен әдеби төңкеріс жасағанын да осы орайда айта кетпекпіз. Артынша, бір жылда үш бірдей театрда спектакль қойылып, әлі күнге жұрт жапырылып баратын аншлаг қойылым боп келеді. 2025 жылдың көктемінде шығармамен аттас кинотуынды да үлкен экрандарға шығып, 1,5 ай айналымнан түспей, табысты киноөнімге айналды.

    «Болмаған балалық шақ» тырнақалды туындысымен прозадағы бағын сынаған Ақберен Елгезек енді қазақ оқырманына «Дардай» романын ұсынып отыр. Атақты колумбиялық Маркестің «мені баспагерлер аш қалдырмайды» деген  сөзін, Ақберен «Мені, ұлт қаламгері ретінде заманалық АІ мен ІТ аш қалдырмайды» деп мәдени ұран тастады. Неге біз «мәдени ұран тастады» деп отырмыз!?

    Иә, қай газетті ашып қалма, қай сайтты басып қалма  кітабын оқырманға жеткізе алмай зарлаған қаламгерлер қауымынан аяқ алып жүре алмайсың. Тіпті АІ мен ІТ-ді атша ерттеп мінуге тиіс жастарға да осы ауру, осы зарлауықтық дерті жұғыпты. «Кеңестік кезеңде 100 мыңды еңсеруші едік, қазір 1-2 мыңдық тендерге телміріп қалдық», дейтін ақсақал жазушылар бұны айтса құба құп дер едің? Осыған дейінгі бастықтар мен бизнесмендердің табалдырығын тоздырып, «кітабымды шығарып бер» дейтін тіленкештік адам жиренетін жаман әдеттен арылуға жасалған алғашқы қадамды ұшыратқанда шынын айту керек қуандық.

    «Дардай» романы өлі қазақ кітап нарығының бойына қан жүгіртті. Қазақ кітап нарығы деген қураған терекке жан бітірді. Және ең бастысы жалпыалаштық «тұтынушылық» нарығында кітапқа деген сұраныстың бар екенін тамыршыдай тап баса білді. Өзге әріптестері аңғармаған дүниені бірінші болып байқады.

    Қазақтың табиғаты қашанда ешкім қолмен ұстап көрмеген, бірақ аты мен атағын сырттай білетін нәрсенің өзінде болуын қалаушылықтан тұрады. Бұны бизнес тілімен «тұтынушылық қасиет» деп атайды. Иә, нарық қазақ өміріне кіргелі ұлтымыз тек брендке айналған дүниелерді ғана тұтынып, қалғандарын менсінбейтін болды. Кітапты да тап сондай қылып, өзінің ойлы оқырманына әзірге тек Ақберен Елгезек қана ұсына алды.

    Жазушылар арасында да: «Бәріміз де кітап шығарып көріп едік, бірақ онлайн сатуға қойғанды бірінші рет көрдіктің» дәуірі туды. Оны туғызған Ақберен Елгезектің «жазып шығу маған – серт, онлайн сатылсаң саған – серт» деген алапат туындыгерлік тірлігі.

    Телеграм платформасында Ақберен Елгезек жасақтаған онлайн кітап дүкені әлеуметтік желіде бірнеше күннен бері едәуір талқыға түсті. Жалпы жұрт авторға құтты болсын айтып, романға сәттілік тілеп жатты. Ал осы күндері халық құр құттықтаумен шектелді ме, сатылымның жағдайы қалай деген сұрақтар мазалаған соң, Ақберен Елгезектің өзіне хабарласқан едік.

    — Аға, роман құтты болсын! Телеграм канал ашыпсыз. Роман қалай өтіп жатыр?

    — Аллаға шүкір, Телеграм арнамызға оқырман өте белсенді кіріп, кітап саудасын қызу жасап жатыр. Шамалап осындай болатын шығар дегеннен де асып түсті. Жұрт жаңа шығармаға сусап қалған сияқты. Оның үстіне қазір жаңадан шыққан кітаптар оқырманға мүлде жетпейді. Сосын іші пысқанның бәрі «халық кітап оқымайды» деп жазықсыз кінәлап жатады. Оқырманға кітапты алуға жағдай жаса, сосын оқымаса, ренжуге болады. Ал мені оқырман ешқашан ренжіткен емес. Өлең жазып, әлеуметтік желіге салсам, орта есеппен 40-50 мыңнан астам оқырман оқиды деген статистика аламын. Бұны кітабың осындай мыңдаған таралыммен оқылды деуге болады. Ал «Болмаған балалық шақ» әртүрлі форматта, кітап түрінде болсын, онлайн түрде болсын, пираттық таралыммен тарағаны болсын, шамамен 1 миллионнан астам адам оқыды. Өйткені қайда барсам, осы кітапты оқыдым деген адам алдымнан көп шығады. Киноны көрген адамның қарасы одан көп. Киноны көре алмай қалғандар, «қайдан көре аламыз?» деп сұрап жатады. Сондықтан ол киноны да осы арнаға жүктеп, көрерменге қол жетімді етіп қойдық. Біздің баспа шығарған «Болмаған балалық шақ» кітабының ресми таралымы бүгін 50 000 данадан асты. «Каспи дүкеннен» күніне кем дегенде 10-15 дана сатылады. Бұл мені автор ретінде әрине қуантады әрі жаңа шығармаларға шабыттандырады. Ал енді «Дардайға» келетін болсақ, жаңа роман жазылды, Телеграм каналға шықты деген күннен 2 тәулік өтпей, 100 ден астам электрондық нұсқасы сатылып кетті. Одан бөлек бұл арнаға қойылған «Болмаған балалық шақ» кітабы мен кинофильмі де осыған жақын нәтиже көрсетті. Әлі жұрт толық білмей жатыр ғой, әбден біліп алған соң, кітаптың электрондық нұсқасының сатылымы болашақта айына 3000 данадан асады деп сеніп отырмыз. Әрине оған жұртты шаршатып алмай, нәзік маркетингтік қадамдар жасаймыз. Онлайн дүкен ашып қойып, жұмыс істемей қолыңды қусырып отыра беруге болмайды. Бұл – нарық. Нарық болғасын, оның барлық заңдылықтарын зерттеп, талабына көніп, соған сай әрекеттер жасау керек. Нан сатсаң да – сол, кітап сатсаң да – сол заңдылықтар. Тек жалықпау керек. Шаршадым демеу керек. Кітабын өтпесе, оған мемлекетті я қоғамды кінәламай, тек өзіңді жүндей түтуге тиіссің. Сонда ғана көзқарасың, санаң өзгеріп, нақты қадамдар жасап, қимылдай бастайсың. Менің айтарым сол.

    — Рахмет, аға! Алдағы шығармашылық жоспарларыңыз қандай?     

    — Амандық болса, осы жылдың ақпан айының аяқ жағында оқырманға тағы бір кітап ұсынбақшымын. Бұл енді әдеби туынды емес. «Ясауи тариқатының жауһар сырлары» атты рухани-танымдық еңбек болады. Одан кейін балаларға арналған тағы бір кітабымды көктемге таяу шығарсам деген ой бар. Осы екі кітапты ұсынып болған соң, оқырманнан рұқсат сұрап, бір жылға жаңа романымды жазуға апаныма қайтадан кіріп кетсем деп отырмын).

    — Сәттілік аға!

    — Аман болыңдар!

    Жаңа романды оқырманға таныстыру мақсатында арнайы жабық Telegram арнасы ашылған. Бұл платформада:

    • «Дардай» романының электронды нұсқасы (шектеулі мерзімге);
    • «Болмаған балалық шақ» фильмінің жоғары сападағы нұсқасы және аттас кітаптың электронды түрі;
    • Ақберен Елгезектің екі поэзиялық жинағы сыйлық ретінде ұсынылады;
    • Әр оқырманға кітаптар автордың жеке қолтаңбасымен жеткізіледі.

    Жаңа романмен танысып, автордың өзге де еңбектерін алу үшін төмендегі сілтеме арқылы Telegram-ботқа өтуге болады: https://t.me/yelgezek_bot

    Енді әдебиет әлеміне «аспаннан найзағай түсірген» туындының өзіне қысқаша тоқтала кетейік:

    Шығарманың негізгі идеясы авторға шамамен екі жыл бұрын таңғы мезгілде «аян» түрінде келген. Сол сәтте қағазға түскен алғашқы қырық бет кейіннен кеңейтіліп, роман биыл күзде толық тәмамдалған. Енді араға сәл-пәл уақыт тауып, оқырманның көз айымына айналғалы отырған жайы бар. Бұрын біз тек балаларға арналған фэнтезиді қанағат тұтсақ енді Джордж Оруэллдің «1984», «Мал қора» және Франц Кафканың «Құбылу» шығармаларымен үндес, фэнтези тілінде жазылған қазақы нұсқаны оқуға қол жеткізіп отырмыз.

    Романда магиялық реализм тарихпен, саясат сопылық іліммен, қарапайым өмір метафизикамен, халықтың жан жарасы үмітпен тұтасып кеткен. Басты кейіпкер Бекет – Совет заманының атеист қоғамында өсіп-жетілген қарапайым құрылысшы. Бекет – Семей полигонының құрбандарының ұрпағы, радиациямен және ғасыр өтірігімен уланған кішкентай адам. Ол бір күні Алатаудың етегіндегі үйінде 81 метрлік алып болып оянады. Өзі де, айналасы да бұл өзгерісті қабылдай алмайды. Бекет те өз ішінде екіге бөлініп, қоғам қаққа жарылады. Адамзат мұндай құбыжықты қабылдауға дайын емес. Бірақ Бекет ғаламат күшін қиратуға емес, өзін өзі тануға, халқына қорған болуға жұмсауға бекінеді…

    Семей полигонының құрбандарына бағышталған, авторға аян боп түскен рухани-мистикалық романда қазақи дүниетанымызға тән ақ күштер мен қара зұлымдардың соғысы суреттеліп, адам мен нәпсінің күресі төңірегінде әңгіме өрбіп, адамның ашкөздігі мен әділетсіздіктен шаршаған ұлттың бейнесі шұрайлы тілмен ширатыла сомдалады. Осылайша, Ақберен ұйқыдағы қазақ оқырмандарын дүр сілкінтіп оятып, өзінің шығармашылықтағы жаңалығын тарту ете білді.

    «Дардай» — бүгінгі қоғамның өзекті тақырыптарын терең қамтыған, саясат, дін, және тарих бір-бірімен астасқан көркемдік тұрғыдан күрделі шығарма ретінде өз бағалауын патша пейіл оқырмандарынан алатын болады. Жаңашылдығы мен тылсымдығы астасқан жаңа туындыны қабыл алайық, Алаш жұрты!

    Қазақ әдебиетінде тың бағыт ашатын, мистикалық-фэнтези жанрындағы бұл шығарма оқырман үшін елеулі жаңалық болары сөзсіз.

    Н.Усбанов

    Ақберен Елгезек Дардай

    Оқылып жатыр

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026

    Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

    01.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026

    Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

    01.04.2026

    Жүсіпбек Қорғасбек роман жазып 15 млн жеңіп алды

    01.04.2026

    Қазақстанда өмір сүруге қанша ақша қажет?

    01.04.2026

    Қазақстанда алғаш рет студенттердің AI жобаларына арналған республикалық конкурс ұйымдастырылды

    01.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.