Close Menu
    Оқылып жатыр

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 1 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

      01.04.2026

      Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

      01.04.2026

      Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

      01.04.2026

      Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

      01.04.2026

      Жүсіпбек Қорғасбек роман жазып 15 млн жеңіп алды

      01.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

    Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

    Өңір тынысы 10.02.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстан Жазушылар одағының қолдауымен, №178 мамандандырылған лицейдің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының Хан Тәңірі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне және ақынның 95 жылдық мерейтойына орай 6-сынып оқушылары арасында «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» тақырыбында лицейішілік байқау жоғары деңгейде өткізілді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Аталған рухани шараның басты мақсаты – оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, көркем сөзге құрмет сезімін қалыптастыру, сондай-ақ Мұқағалидай ұлы ақынның шығармашылығын жас ұрпақтың санасына терең сіңіру.

    Байқау ұйымдастырушысы, кәсіпкер Әбілқайыр Тілеужан бұл игі бастаманың маңызына тоқталып өтті:

    «Мұқағали Мақатаев – қазақ руханиятының биік шыңы, ұлттың жүрек сөзін жырға айналдырған дара тұлға. Осындай байқаулар арқылы біз ақынға деген құрметімізді білдіріп қана қоймай, жас ұрпақты поэзияны сезінуге, сөз қадірін түсінуге тәрбиелейміз. Бұл – балалар үшін үлкен өнеге, ал болашақ үшін салынған рухани инвестиция», – деді ол.

    Байқаудың жоғары деңгейде өтуіне кәсіпкерлер Жайлыханов Айдын Рысбекұлы, Издаулетов Есім, Мейрамбай Еркінгүл, Абайұлы Ғабит және Тілеужан Әбілқайыр демеушілік қолдау көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар, ал үздік номинация иегерлеріне естелік статуэткалар табыс етілді.

    Байқаудың нәтижесін әділ әрі ашық бағалаған қазылар алқасының төрағасы – белгілі журналист, «Қала мен Дала» газетінің бас редакторы Ришат Асқарбекұлы. Сондай-ақ қазылар құрамында Dalanews.kz сайтының бас редакторы Жарас Ниязбек және өзге де саланың білікті мамандары болды.

    Байқауда барлығы 5 орын сарапқа салынды. Нәтижесінде:

    • Абсолютті чемпион – 6 «Б» сыныбы
    • Бас жүлде – 6 «Д» сыныбы
    • І орын – 6 «Г» сыныбы
    • ІІ орын – 6 «А» сыныбы
    • ІІІ орын – 6 «Ғ» сыныбы

    Лицей әкімшілігі байқаудың өтуіне ақпараттық қолдау көрсеткен БАҚ өкілдеріне, демеушілік танытқан кәсіпкерлерге және әділқазылар алқасының мүшелеріне шынайы алғысын білдіреді.

    Қазақстан Жазушылар Одағы Мұқағали Мақатаев

    Оқылып жатыр

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026

    Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

    15.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026

    Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

    01.04.2026

    Жүсіпбек Қорғасбек роман жазып 15 млн жеңіп алды

    01.04.2026

    Қазақстанда өмір сүруге қанша ақша қажет?

    01.04.2026

    Қазақстанда алғаш рет студенттердің AI жобаларына арналған республикалық конкурс ұйымдастырылды

    01.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.