Close Menu
    Оқылып жатыр

    Саясаткер Ресейдің қазіргі жағдайын КСРО-ның соңғы кезеңімен салыстырды

    17.12.2025

    Үкімет ет бағасын тұрақтандыруды тапсырды

    17.12.2025

    1 млн теңгелік аударымдар қоғамда алаңдаушылық тудырды: министрлік түсініктеме берді

    17.12.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 17 декабря
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Саясаткер Ресейдің қазіргі жағдайын КСРО-ның соңғы кезеңімен салыстырды

      17.12.2025

      Үкімет ет бағасын тұрақтандыруды тапсырды

      17.12.2025

      1 млн теңгелік аударымдар қоғамда алаңдаушылық тудырды: министрлік түсініктеме берді

      17.12.2025

      Қазақша сөйлегені үшін балағаттаған: автобустағы жанжал сотқа жетті

      17.12.2025

      2026 жылдан бастап МӘМС жүйесінде маңызды өзгерістер күшіне енеді

      17.12.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17.11.2025

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қазақша сөйлегені үшін балағаттаған: автобустағы жанжал сотқа жетті

    Қазақша сөйлегені үшін балағаттаған: автобустағы жанжал сотқа жетті

    Басты тақырып 17.12.2025
    видеодан кадр
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Алматыда автобустардың бірінде жолаушылар арасында жанжал шықты. Жәбірленушінің айтуынша, орыс тілді әйел оған қазақ тілінде сөйлегені үшін айқайлап, балағаттап, қорқытқан. Істі бақылауға алған заңгер Мейірман Шекеев құқық бұзушының үстінен іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    “Бірнеше күн бұрын автобуста бір әйел айқайлап сөйледі. Мен оған жай сөйлесуін өтінгенде, ол айқайлап балағаттап, қорқытып, телефонға видеоға түсіре бастады. Сол кезде мен де жағдайды телефонға түсірдім”, — дейді ол.

    Дөрекілік танытқан әйел орыс тілінде сөйлеп, жәбірленушіні қорқытып, ар-намысына тиетін сөздер қолданған.

    “Кейін ол маған “говори по‑русски” деп айқайлай бастады. Неге мен өз елімде қазақша сөйлей алмаймын? Қазақша сөйлесем, орысша сөйлеуімді талап етті”, — деді жәбірленуші.

    Оқиғаны бақылауға алған заңгер Мейірман Шекеев жәбірленушінің арызына сәйкес әрекет жасалғанын айтты.

    “Қазіргі таңда жәбірленуші бізге көмекке жүгінді, біз тиісті арызымызды полицияға жолдадық. Сіздердің қолдауларыңыз өте маңызды. Себебі мұндай оқиғалар көбіне “жабулы қазан” күйінде қалып жатады. Қазақстанда қазақ тілі мемлекеттік тіл, әрбір азамат өз тілінде сөйлеуге құқылы. Бұл оқиға сабақ болу үшін біз істі соңына дейін жеткіземіз”, — деп мәлімдеді ол.

    Араға ұзақ уақыт салмай заңгер жақсы жаңалығын жеткізді.

    “Кешегі бейнежазбаға сіздердің қолдауларыңыз арқасында Алматы қаласы, Алатау аудандық полиция басқармасы жедел әрекет етіп, құқық бұзушыны анықтады. Құқық бұзушының үстінен іс қозғалып, ертең сотқа жіберіледі. Қолдауларыңызға мың да бір алғыс!”, — деді заңгер.

    Ал дөрекілік танытқан әйел өз кінәсін мойындап, қазақ халқынан кешірім сұрады.

    “Мен өз кінәмді мойындаймын. 12 желтоқсан күні 81‑автобуста болған жанжал үшін кешірім сұраймын. Бұдан былай осындай әрекет қайталанбайды. Келесі жолы сөздерім мен әрекеттеріме абай боламын”, — деп мәлімдеді ол.

    Алматы бұзақылық тіл мәселесі

    Оқылып жатыр

    Саясаткер Ресейдің қазіргі жағдайын КСРО-ның соңғы кезеңімен салыстырды

    17.12.2025

    Үкімет ет бағасын тұрақтандыруды тапсырды

    17.12.2025

    1 млн теңгелік аударымдар қоғамда алаңдаушылық тудырды: министрлік түсініктеме берді

    17.12.2025

    2026 жылдан бастап МӘМС жүйесінде маңызды өзгерістер күшіне енеді

    17.12.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Саясаткер Ресейдің қазіргі жағдайын КСРО-ның соңғы кезеңімен салыстырды

    17.12.2025

    Үкімет ет бағасын тұрақтандыруды тапсырды

    17.12.2025

    1 млн теңгелік аударымдар қоғамда алаңдаушылық тудырды: министрлік түсініктеме берді

    17.12.2025

    Қазақша сөйлегені үшін балағаттаған: автобустағы жанжал сотқа жетті

    17.12.2025

    2026 жылдан бастап МӘМС жүйесінде маңызды өзгерістер күшіне енеді

    17.12.2025

    Алматыда Тәуелсіздік күніне орай тоғызқұмалақтан ашық турнир өтті

    15.12.2025

    Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алған Еркебұлан Тоқтар сынға жауап берді

    15.12.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.