Пятница, 9 октября

Екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес (57-2-2, 39 КО) қыркүйекте қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші жекпе-жегін өткізеді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Трилогия 17 қыркүйекте екінші орта салмақ дәрежесінде өтеді. Мексикалық боксшы абсолют чемпион титулын алғашқы рет қорғайды.

«Ресми. 17 қыркүйекте кездескенше», — деп жазды Головкин.

Еске салайық, Головкин мен Альварес бұған дейін Лас-Вегаста екі рет жұдырықтасқан — 2017 жылы боксшылар тең түссе, 2018 жылы Канело төрешілер шешімімен жеңген болатын. 

GGG кейінгі жекпе-жегін сәуірде жапониялық Риота Муратаға қарсы өткізіп, 9-раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. 

Ал Канело мамырда ресейлік Дмитрий Биволдан төрешілер шешімімен жеңіліп қалған болатын. 

Exit mobile version