Close Menu
    Оқылып жатыр

    Усть-Лугадағы төбелес: оқиғаның мән-жайы және жанжалдың астарында не жатыр?

    30.03.2026

    Ғылым ордасында реставрация саласының мамандарына арналған тәжірибелік семинар өтті

    30.03.2026

    Ормуз дағдарысы: мұнай бағасы 200 долларға дейін өсуі мүмкін

    30.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 31 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Усть-Лугадағы төбелес: оқиғаның мән-жайы және жанжалдың астарында не жатыр?

      30.03.2026

      Ғылым ордасында реставрация саласының мамандарына арналған тәжірибелік семинар өтті

      30.03.2026

      Ормуз дағдарысы: мұнай бағасы 200 долларға дейін өсуі мүмкін

      30.03.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақпен шабуыл жасалды

      30.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » ReStart: қайта бастау әлі де кеш емес

    ReStart: қайта бастау әлі де кеш емес

    Ел іші 24.11.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Ғылым мен техниканың дамыған заманында кез келген жұмысты интернет арқылы орындау қалыпты жағдайға айналды. Қазіргі таңда интернетке тәуел­ділік әлемдегі ең басты мәсе­лелердің біріне айналып отыр. Жасөспірімдердің көпшілігі виртуалды әлеммен шектен тыс әуестенеді. Осыған байланысты, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер республикалық ұйымы интернетке тәуелділіктің алдын алу мақсатында «ReStart» жобасын бастады. Шілдеде басталған жоба қараша айының соңына дейін жалғаспақ. Негізгі мақсаты – жастарға, балалар мен ата-ана­ларға виртуалды кеңістіктің қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.

    Жоба шеңберінде жастар мен балалардың интернетке тәуелділігін анықтау әдістемесін әзірлеп, түрлі тақырыптар бойынша талдау жұмыстарын жүргізу үшін сарапшылар пулы құрылды.

    Сарапшылар интернетке тәуелділікті анықтау бойын­ша әлемдік тәжірибедегі қол­даныстағы әдістемелерге және ҚР Заңнамаларына тал­дау жасады.

    Жоба аясында 9400 жастар мен жасөспірімдердің қатысуымен әлеуметтанулық сауалнама жүргізілді. Осы  арқылы интернет қауіпсіздігіне қатыс­ты мәселелердің бүгінгі жай-күйі талданып, Қазақстан жастарының интернетке тәуелділік деңгейі анықталды.

    Білікті мамандар ата-аналарға арнап балала­ры­мен қандай жұ­мыс жүр­гізуге болатыны жа­зыл­ған нұс­­қаулықтар дайындалды.

    28 шілде және 7 тамыз ара­лығында тәжірибелі сарапшылар, педагог-психологтер, орталық және жергілікті мемлекеттік ор­гандар өкілдері, жастар мен жасөспірімдер және ата-аналар­дың қатысуымен қоғамда интернетке тәуелділіктің туындау себептері мен алдын алу мәсе­лелерін талқылау мақсатында 4 онлайн-кездесу өтті.

    Сондай-ақ, Білім және ғы­лым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесе отырып, мектеп психолог­тері мен әдіскерлеріне арнап оқыту семинарын өткізді.  Аталған ша­раға еліміздің түкпір-түкпірінен 7647 мектеп психологі мен әдіскері қатысып, аталған бағыт бойынша біліктіліктерін арттырды.

    Оқыту жұмыстарының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 185 мектептің психологы интернетке тәуелділікті анықтау және онымен күресу жолдарын жүргізу мәселелері бойынша алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолданды. Яғни, 185 мектеп психологы 20 оқушымен тренинг және 10 ата-анамен арнайы кездесулер өткізілді.

    Жоба аясында білікті психологтардың жүргізуімен 3400-ден астам мектеп оқушыларына 170 тренинг өткізілді. Тренинг барысында мектеп оқушыларына интернетке тәуелділіктің алдын алу және онымен күресу жолдары туралы ақпараттар ұсынылды.

    Бұл ретте көп уақытын онлайн өткізетін жастар да назардан тыс қалған жоқ. Оларға арналған медиа сауаттылық курс­тары 7 қыркүйек пен 2 қазан аралығында ұйымдастырылды. Қазақстанның IT саласындағы беделді оқу орны – Халықаралық IT университетінің тәжірибелі мамандары қатысушыларға интернет, телефон, әлеуметтік желі, жалған ақпарат, киберқауіпсіздік тақырыптарында 40 сағат дәріс оқып, тәжірибелік сабақтар жүргізді. Онлайн курсқа барлығы 900-ге жуық студент қатысты.

    Менторлардың қолдауы, Оффлайн өмір, фотокөрме, мемдерді әзірлеу,  медиасауаттылық бойынша «True or False» республикалық чемпионаты,  Азаматтардың цифрлық беделін қорғау, ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша қауырт желі, «Ана мен бала» республикалық онлайн лагері және тағы басқа шаралар осы жоба аясында жүзеге асырылды.

    Сонымен қатар, жоба аясында 24 қарашадан бастап 24kz телеканалында «ReStart — онлайн болу мәдениеті» телевизиялық бағдарламасы жарыққа шықты.

    Бұл өзекті мәселе бір жобамен шек­телмейтіні анық. Әлеуметтік бейнероликтер мен сюжеттер арқылы жастардың санасына технологияның зияны мен қаупі жайлы ақпаратты үнемі сіңіріп отыру керек. Өйткені, қазір қо­ғамда интернет пен гаджет­тердің тек жағымды тұсын насихаттау белең алған секілді. Жоғарыда айтылған кешенді жоспар осы мақсатта жасалған қадамдардың бастамасы болмақ.

    Оқылып жатыр

    Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр

    16.03.2026

    «Қызылорда — Ақтөбе» төрт жолақты автожолының құрылысы басталды

    13.03.2026

    Мұнай қымбаттаса да жанармай бағасы өзгермейді — министр

    12.03.2026

    Мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир басталды

    03.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Усть-Лугадағы төбелес: оқиғаның мән-жайы және жанжалдың астарында не жатыр?

    30.03.2026

    Ғылым ордасында реставрация саласының мамандарына арналған тәжірибелік семинар өтті

    30.03.2026

    Ормуз дағдарысы: мұнай бағасы 200 долларға дейін өсуі мүмкін

    30.03.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақпен шабуыл жасалды

    30.03.2026

    Таразда кәсіпкер өз-өзін атып тастады

    30.03.2026

    Қазақстан мұнайы Жапонияға сатылуы мүмкін

    30.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.