Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сейсенбі, 10 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Сағынтаев кетті, Сапарбаев ше?

    Сағынтаев кетті, Сапарбаев ше?

    Өңір тынысы 31.01.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қаңтар оқиғасы бойынша Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кетуін талап еткен петиция туралы күні кеше ғана президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әкімге келетін болсақ,ол өмірде алғаш рет қиын жағдайға тап болды. Мұндай жағдайда басшының бәрі бірдей шешім таба бермейді. Мен оны кінәламас едім, ол – қызметтік міндеттерін орындау тұрғысынан адал адам. Бірақ мен алматылықтардың көңіл-күйін ескеруге міндеттімін, сондықтан уақыт келеді»,- деп жауап берген еді. Артынша-ақ мемлекеттік деңгейдегі тағайындаулар, ауыс-түйістерді алдын-ала біліп отыратын «билік балгері» Еділов Алматыға Ерболат Досаев «атын ерттеп» дайын отырғанын хабарлады. Балгердің айтқаны айдай келіп, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылып, орнына Е.Досаев отырды.

    Мемлекет басшысының Жарлығында Сағынтаевты «басқа жұмысқа ауысуына» байланысты деп босатқанымен, Бақытжан Әбдірұлына қандай қызмет берілетіні әзірге жұмбақ болып тұр. «Балгер» Еділовтің «құмалақтары» айтпай жатыр ма, әлде «ауысатын басқа жұмысы» әлі нақты белгілі болмай тұр ма, әйтеуір үнсіз.

    Еділов үнсіз болса да, жергілікті ел-жұрт Әбдірұлын Әулиеатаға «әкеліп» қойды. Өз баласы Бақытжан Сағынтаевты туған жеріне келіп қалар деп күтіп жүргендер көп. Ол үшін Сапарбаевты «басқа жұмысқа ауысуына» байланысты деп шығарып салу керек…

    Әрине, Әулиеатаға Сағынтаев әкім болып келсе, жамбылдықтар ұтпаса, ұтылмайды. Өйткені, қызметтік жолында Алматы облысының әкімі, премьер-министр секілді жоғары лауазымдарды атқарған тәжірибелі адам бұған дейін Жамбылда әкім болмағаны мәлім.

    Дейтұрғанмен, кейбір дерек көздері, Б.Сағынтаевты Еуропа елдерінің біріне елші болып кетеді деп отыр.   

    Нұрболат ӘЛДИБЕК, Жамбыл облысы   

    Оқылып жатыр

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

    15.03.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.