Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университеті әлем үздіктерінің қатарында

    26.03.2026

    Қазақ еліне +1 банк: БАӘ-нің ірі қаржы ұйымы Қазақстан нарығына қосылмақ

    26.03.2026

    Иран Ормуз бұғазын «ақылы» етуді көздейді

    26.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 28 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Абай университеті әлем үздіктерінің қатарында

      26.03.2026

      Қазақ еліне +1 банк: БАӘ-нің ірі қаржы ұйымы Қазақстан нарығына қосылмақ

      26.03.2026

      Иран Ормуз бұғазын «ақылы» етуді көздейді

      26.03.2026

      Kinopark – Kinoplexx кинотеатрлар желісінде заңбұзушылықтар анықталды

      26.03.2026

      Батыс Қазақстанға тағы да дрон түсті

      26.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Сапарбаев Меркіде спорт кешенінің ашылуына қатысты

    Сапарбаев Меркіде спорт кешенінің ашылуына қатысты

    Өңір тынысы 31.07.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бүгін аудан орталығы Меркі ауылында жаңадан бой көтерген спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті.

    Салтанатты шараға, арнайы келген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, аудан әкімі Руслан Нұрсипатов және ауданымыздың зиялы қауым өкілдері, сонымен қатар спортшылар мен жастар қатысты.

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа алғашқы құттықтау сөз беріліп, ол шараға қатысушыларды спорт кешенінің ашылуымен құттықтады.
    «Мемлекетімізде спорттың алар орны бөлек. Спорт адамға денсаулық, мемлекетке абырой-бедел алып келеді. Сондықтан, мемлекетіміз халық үшін, болашақ үшін спортты дамытуға үлкен мән беруде. Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде, өздеріңізге белгілі, елімізден Олимпиаданың, әлемнің және Азияның қаншама чемпиондары шығып, солардың арқасында Қазақстанымыздың Көк Туы желбіреп, Әнұранымыз әлем төрінде сан мәрте шырқалды. Спорттың арқасында елімізді дүние жүзі, барлық әлем жұртшылығы біледі деп айтуға болады.

    Біз мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, спортты дамыту мақсатында, материалдық базаны жақсарту бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Мысалға айтар болсақ, былтыр біз аймақ бойынша осындай 15 спорт нысанын және 90-ға жуық спорт алаңын аштық. Ендігі мақсат – спорт нысандарының санын одан ары көбейтуіміз керек. Қазіргі уақытта қосымша 8 нысанның құрылысын жүргізіп жатырмыз. Енді міне, бүгін Меркі ауданындағы жабық спорт нысанының да құрылысы аяқталып, пайдаланылуға берілгелі тұр. Мұның бәрі балаларымыздың, жастарымыздың спортпен айналысуына, олардың денсаулығының мықты болуына жасалынып жатқан үлкен мүмкіндік», – деді облыс әкімі.

    Аудан жұртшылығы атынан сөз алған аудандағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қамбар Иманалиев ақсақал да өңір басшысына алғысын білдіріп, алдағы уақытта осы спорт кешенінде чеимпиондар тәрбиеленетінін айтып, қуанышымен бөлісті.

    Ал, жас спортшы Ислам Эргашев «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында асық атудан аудандық команданың облыс чемпион болғанын айтып, спортта үлкен жетістіктерге жетіп, ел сенімін ақтайтынын жеткізді.

           Әрмен қарай,  Бердібек Машбекұлы аудан әкімі Руслан Маратұлының бастауымен,  спорт кешенінің кіші футбол, воллейбол, баскетбол, бокс, күрес және жаттығу залдарын аралап көріп, спорт саласында осындай мүмкіндіктердің нәтижесінде көптеген чемпиондар шығатынын айтты. Сонымен қатар, жаттығу залдарындағы жас спортшылармен сөйлесіп, олардың болашақта ел абыройын асқақтатар спортшылардан болуына тілектестік білдірді. Сондай-ақ, оларға арнаған өзінің сыйлықтарын табыс етті. 

    Естеріңізге сала кетейік, спорт кешеніне «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының аясында 529 млн. 683 мың теңге бөлініп, оның құрылысын «Агроспецстрой» мердігер мекемесі жүргізді.

    Оқылып жатыр

    Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының ресми сайты таныстырылды

    25.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026

    Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

    15.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университеті әлем үздіктерінің қатарында

    26.03.2026

    Қазақ еліне +1 банк: БАӘ-нің ірі қаржы ұйымы Қазақстан нарығына қосылмақ

    26.03.2026

    Иран Ормуз бұғазын «ақылы» етуді көздейді

    26.03.2026

    Kinopark – Kinoplexx кинотеатрлар желісінде заңбұзушылықтар анықталды

    26.03.2026

    Батыс Қазақстанға тағы да дрон түсті

    26.03.2026

    Қазақстан бидай экспортын арттырды: үлес 13,8%-ға дейін өсті

    26.03.2026

    Дрон шабуылы Қазақстанды 3,8 млн тонна мұнайдан айырды

    26.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.