Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы қызметкерлері Шымкентте Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің басшысы Батырбек Мырзагелдиевті 20 млн теңге пара алған жерінен ұстады, деп хабарлайды Tarazy.kz
EGov.press телеграм арнасының мәліметінше, бұл ақша алаяқтық дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істі тоқтатуға делдалдық жасаудың “сыйақысы” ретінде берілген болуы мүмкін.
“Алдын ала мәлімет бойынша, істегі залал мөлшері шамамен 200 млн теңгені құрайды. Қол түскен сома осы қаржының шамамен 10 пайызына тең екені айтылып отыр”, — дейді дереккөз.
Қысқа уақыт ішінде бұл аудандық полиция бөлімі басшыларына қатысты тіркелген екінші ұстау дерегі.
Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, өзге мәліметтер процессуалдық мақсатта жария етілмейді.
