Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде қауіпсіздік талаптары бұзылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Tarazy.kz
Алдын ала мәліметке сәйкес сатылған билеттер саны концерт алаңының рұқсат етілген сыйымдылығынан едәуір асып кеткен. Бұл адамдар шамадан тыс жиналуына әкеп соғып, көрермендердің қауіпсіздігіне қатер төндірген.
«Адамдар қысылып қалуы салдарынан 18 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Әлеуметтік желіде адамдар қаза тапқаны туралы ақпарат тараған, бұл шындыққа сәйкес келмейді. Қаза тапқандар жоқ», — деді Шымкент ПД өкілі.
Концерт ұйымдастырушысы, яғни 1984 жылы туған Л. ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
«Тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Шымкент қаласы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», — деп жазылған хабарламада.

