Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Самұрық-Қазынада» қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Tarazy.kz
Түркістан облысында электр станциясын салу үшін құрылған «ПГУ Түркістан» компаниясы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
Ақпаратқа сәйкес Samruk-Kazyna Construction басшылығының жұмыс сапары аясында компания кеңсесіне басқарма төрағасының эксплуатация жөніндегі орынбасары Ғабидолла Әбдірахымов барған.
Бұл ақпаратты «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметі де растады.
«2025 жылғы 29 желтоқсанда Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов Samruk-Kazyna Construction АҚ басқарма төрағасының эксплуатация жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды», – делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар, Ғабидолла Әбдірахымовтың компанияның басқарма мүшесі емес екені нақтыланды.
