Close Menu
    Оқылып жатыр

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 1 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

      01.04.2026

      Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

      01.04.2026

      Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

      01.04.2026

      Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

      01.04.2026

      Жүсіпбек Қорғасбек роман жазып 15 млн жеңіп алды

      01.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Соғыс кезінде өсім: Назарбаевқа тиесілі ресейлік банк пайдасын 10 есеге арттырды

    Соғыс кезінде өсім: Назарбаевқа тиесілі ресейлік банк пайдасын 10 есеге арттырды

    Басты тақырып 13.02.2026
    inbusiness.kz
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Ресей-Украина соғысы басталғалы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке қорына қарайтын ресейлік Азиатско-Тихоокеанский банк (АТБ) қаржылық көрсеткіштерін күрт арттырған, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Банк 2021 жылы 1,5 млрд рубль болған таза пайдасын өткен жылы 16 млрд рубльге дейін жеткізген. Бұл шамамен 102 млрд теңгеге тең. Осы көрсеткішпен АТБ Қазақстандағы ең ірі он банктің қатарына енуі мүмкін еді, деп жазады «Выход к морю» телеграм арнасы.

    Ресей Орталық банкінің сайтында жарияланған есепке сәйкес, өткен жылы Назарбаевқа тиесілі банк пайдасын 50 пайызға арттырған. Ал Ресейдің жалпы банк секторы керісінше, шамамен 8 пайызға төмендеген.

    Соңғы бес жылда АТБ активтері де айтарлықтай ұлғайған: 134,5 млрд рубльден 338 млрд рубльге дейін өскен. Бұл банкке Ресейдегі ең ірі 30 қаржы ұйымының қатарына енуге мүмкіндік берген. Аталған тізімде санкцияға ілінбеген банктер саусақпен санарлық: АТБ, сондай-ақ австриялық Raiffeisen, венгриялық OTP Group, америкалық Citigroup пен италиялық UniCredit-тің еншілес құрылымдары ғана бар.

    2018 жылы Ресейдің Орталық банкі АТБ иелерін қаржылық пирамида құрды деп күдіктеніп, банкті санацияға жіберген. Банк акционерлерінің бірі, ресейлік кәсіпкер Андрей Вдовин ірі көлемдегі ұрлық пен алаяқтыққа айыпталып, сырттай сегіз жылға сотталған. Ол бұл кезде Ресейден кетіп қалған.

    2021 жылы Ресей Банкі АТБ-ның 100 пайыз акциясын 14 млрд рубльге Pioneer Capital Invest компаниясына аукцион арқылы сатқан. Ол кезде бұл компания Jusan Group құрамындағы басқарушы құрылым болған. Осы топқа бұрын «Цеснабанк», кейін Jusan Bank құрамында болған «Квант мобайл банк» те тиесілі еді. Кейін екі ресейлік банк АТБ атауымен біріктірілді.

    Pioneer Capital Invest-тің нақты актив көлемі 2022 жылдың қаңтарында белгілі болды. Ол кезде компанияның жиынтық капиталы 7,8 млрд доллардан асатыны анықталған. Активтер қатарында Jusan қаржы тобы, жылжымайтын мүлік, жеке ұшақ, Қазақстандағы бірқатар БАҚ, АҚШ қазынашылық вексельдері, Қырғызстан мен Қазақстанның мемлекеттік облигациялары және 3,4 млрд доллар қолма-қол қаражат болған.

    Сол жылы Қазақстанда Jusan тобының активтерін елге қайтару процесі басталды. Билік бұл активтер назарбаевтық Pioneer Capital Invest арқылы шетелдік, экс-президентке жақын құрылымдардың бақылауына өткенін мәлімдеген. 2023 жылдың жазына қарай тараптар келісімге келіп, сот даулары тоқтатылды. Нәтижесінде Jusan активтеріне бақылау Ғалымжан Есеновке өтті.

    2024 жылы британдық Jusan Technologies компаниясының есебінен Назарбаев отбасының бірнеше миллиард долларлық активтер үшін небәрі 127 млн доллар алғаны белгілі болды. Қазір Ұлыбританияда осы мәмілені мақұлдағаны үшін пара алды деп айыпталған Jusan Technologies-тің үш директорының ісі қаралып жатыр.

    2024 жылдың қаңтарында АТБ Еуроодақтың 16-санкциялық пакетіне енгізілуі мүмкін ресейлік құрылымдар тізіміне енген. Алайда журналистерге дереккөздер ұсынған 15 банктің ішінен санкцияға ілінбей қалғандар Назарбаевқа тиесілі АТБ мен бұрын Halyk Bankтің ресейлік еншілес ұйымы болған «Москоммерцбанк» қана.

    банк Нұрсұлтан Назарбаев Ресей

    Оқылып жатыр

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026

    Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

    01.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026

    Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

    01.04.2026

    Жүсіпбек Қорғасбек роман жазып 15 млн жеңіп алды

    01.04.2026

    Қазақстанда өмір сүруге қанша ақша қажет?

    01.04.2026

    Қазақстанда алғаш рет студенттердің AI жобаларына арналған республикалық конкурс ұйымдастырылды

    01.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.