Close Menu
    Оқылып жатыр

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Бейсенбі, 29 Мамыр
    • Басты
    • Жаңалықтар

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

      13.05.2025

      Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

      05.05.2025

      Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

      30.04.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025

      Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

      01.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    Ел іші 21.05.2025
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Нарынқолға апарар жолдың азабын неше жылдан бері Кеген мен Райымбек ауданы халқының жүйкесін жұқартқаны белгілі. Тәңіртауға қарай беталған көлік Кегеннен өте көлік біткен кібіртіктей бастайды. Рөлде мысықтай епті болмасаң, машинаңыз қазан шұңқырдан қаша-қаша шаршаған тұста, төрт дөңгелегіңіз төрт жаққа ұшып кетуі бек мүмкін. Ал жолаушылардың іш-құрылысы солқылдап, сүйектері сықырлап кетеді.

    Әр жолғы сапарда Нарынқолдың жолы қашан тақтайдай болады екен, қашан бұл жаққа шенділердің көзі түсіп, көңілі ауар екен деумен жүруші едік. Соны Астананың назарына салатын сәт келгендей. Журналистердің қаламына бір ілінсе, жол азабы азаяр дедік.

    Сөйтіп, өткен жұма күні Райымбек ауданына бір топ журналист ат басын бұрды. Кегеннен өтіп, Райымбектің шекарасына жеткенімізде ауданның атқа мінерлері күтіп алды. Райымбек ауданының әкімі Берік Фатықұлы журналистер мінген көлікке ауысып, Нарынқолдан қайтқанымызша Спринтердің алдыңғы жағында тік тұрып, тілшілерге ел мен жерді таныстырып, қажетті ақпараттар берумен болды.

    Райымбек ауданының әкімі — Берік Фатықұлы

    Әлгі шоқалақ жолмен шаршап келе жатқанымызды, әрине әкім-қаралар сезіп, біліп отыр ғой. Деседе, журналистердің жол азабын өздері жүріп, көрсін деген ниеттерін байқадық біз де.

    Былтыр еміс-еміс естігенбіз. Райымбек ауданына апаратын жол күрделі жөндеуден өтеді екен, қаржы бөлуге сенат төрағасы өзі ықпал етіпті, қомақты қаржы бөлініпті деген әңгімені. Сол рас болып шықты.

    “Нұрлы жол-7” ЖШС өкілі

    «Кеген- Нарынқол» тас жолын жөндеу үшін 2025-2026 жылдарға үлкен жоспар жасалған. Мердігер мекеме «Нұрлы жол-7» деп аталады. Бөлінген қаражат 7,5 млрд теңге. Былай қарасаң, аз ақша емес. Отыз жылда Райымбек ауданының республикалық, облыстық, ауданаралық жолына тимеген қаражат.

    Былтыр 15 шақырымы жасалған. Биыл қалған 75 шақырымға 7,5 млрд теңге қарастырылыпты. Бізге әкімдер бұл қаражатты Райымбек ауданының бір жылдық бюджетінен көп дегенді қадап айтты. Қарапайым есеп: жоспарға енген жолдың әр шақырымына 100 млн теңгеден кетеді екен. Көп пе, аз ба, ол жағын анық білмедік. Алайда жасалатын жол күрделі жөндеу емес, орташа жөндеу болып шықты. Бұған дейінгінің бәрі жамау-жасқау ғана еді дегенді айтты ааудан азаматтары.

    Журналистерге берген сандар мынадай:

    Райымбек ауданының аумағында республикалық маңызы бар – 66 шақырым жол бар, ал облыстық маңызы бар жолдың қашықтығы – 240 шақырым, аудандық маңызы бар күретамыр – 284 шақырым. Осының тең жартысы жөндеуден толық өткен, қанағаттанарлық деңгейде екен.

    Райымбек өндірістік ауданға айнала ала ма…

    Шекаралық аймақ жалаңаш жатпауы керек. Оны шекаралық ауылда туып өскен бізден артық ешкім түсінбейді. Қытаймен арасын қызыл сызық бөліп жатқан Нарынқол үшін де адам саны, халық саны әбден маңызды.

    Қарасаз ауылындағы сүт өңдеу зауыты

    Қазіргі уақытта Райымбек ауданында отыз мыңға жетпейтін адам тұрады. Бұл аудан болып отауын бөлген Райымбек үшін өте аз. Сол үшін Нарынқол жеріне адам байлайтын өндіріс, тұрақты жұмыс қажет.

    Аудан — аудан болып қайта құрылған жеті жылда әр ауылдан бірлі жарым өндіріс орындары ашылыпты. Айталық, қара өлеңнің қазынасы Мұқағали Мақатаевтың туған ауылы Қарасазда сүт өнімдерін шығаратын зауыт жұмыс істеп тұр. Күніне жақын ауылдардан 15 тонна сүт жинап, 14 түрлі ақ өнім дайындайды екен. Құрт, май, қаймақтың бірнеше түрі, ірімшік шығарады. Айтпақшы, зауытта күніне 300 кг құрт жасалады екен. Былтыр Ресейге 200 тонна сары май сатыпты. Qarasazfood зауытының өкілдері 35 адамға жұмыс беріп отырмыз дегенді мақтанышпен айтып отыр. Кәсіпорынның Алматы мен Қонаев қалаларында фирмалық дүкендері бар.

    Фото: Самат Құсайынұлы

    Нарынқолдың бренді

    Қарасаздан кейінгі өндірісті ауыл – Сарыбастау мен Текес. «Картоптың отаны» деген бейресми атағы бар Нарынқол биыл «Текес» деген картопқа ресми атау алыпты. Қазақстан бренді ретінде биыл Әділет министрлігінде тіркелген. Күзге қарай базардан «Текес» картобын сатып алсаңыз, біздің осы жазбамызды еске аларсыз.

    Картоптың отанында биыл бар-жоғы 2500 гектар жерге алтын тұқым себілген. Әрине, картобымен мақтанатын Нарынқол үшін бұл аз. Ауыл азаматтары бірігіп «Алтын дән-1» кооперативін құрған. Жігіттер келер жылы картоп алқабын кеңейтуді жоспарлап отырғандарын айтты. Айтпақшы, картоп күріш сияқты мелдектетіп су ішпейді, бірақ шөлін басатын тіршілік нәрі керек. Кооператив бұл түйткілді шешу үшін тамшылатып суару технологиясын қолданып отыр. Биылдың өзінде Сарыбастау ауылындағы алқапқа 747 гектар жерге тамшылатып суғару жүйесін орнатыпты.

    Текес ауылына барар жолда «Алтын дәннің» көктемгі науқанының үстінен түстік. Голландиядан әкелген картопты жергілікті жерге жерсіндіріп еккелі бірнеше жыл болған, өнімділігі де жоғары дегенді айтты мамандар.

    Айтпақшы, жер асты суы 250 метр тереңдіктен шыққан. Биыл бірінші рет қолға алынған шаруа өнімді болып жатса, келер жылы егіс алқабын арттыратындарын жеткізді кәсіпкерлер.

    Жер емген шаруаларға техникада керек. Советтен қалған «синий трактор» жоқ қазір. Есесіне, соңғы технологиямен жасалған тракторлар алқапты шыр айналып жүр. Былтыр аудандағы 50 шаруа қожалығы 60 трактор, 31 қосалқы агрегат сатып алған. Биыл тағы 100 техника сатып алуды жоспарлап отырғандарын айтты.

    Нарынқолдықтар «Eco Chicken» жейді

    Райымбек ауданындағы тіршілігі түзелген тағы бір ауыл – Тегістік. Айтыстың оғланы Оразәлі Досбосыновтың кіндік қаны тамған елді мекен. Аудан әкімдігі осы ауылдан 7 гектар жер бөліп, арнайы өндіріс аймағын құрған. Қазір бұл жерде етті тауық өсіретін «Eco Chicken» кәсіпорны құрылыпты. 6 мың құсқа арналған екі қора бүгін-ертең жұмысын бастауға дайын. Бірер аптада балапандар әкелеледі. Ары қарай құс еті аудан көлемінде ғана емес, республика көлемінде таралады.

    Тегістік ауылындағы құс фермасы

    Жұмыртқа өндірісі де осы өндірісті аймақта пайда болады. Оның да алғы шарттары жасалған. Күзге дейін жұмыс бастайтындарын жеткізді кәсіпкерлер.

    Қытайға қашан шекара ашылады?

    Шекаралы ауданда жеті жылдың ішінде төрт спорттық-сауықтыру орталығы (ФОК) салыныпты. Айталық, Сарыбастау, Абай, Қызылшекара, Нарынқол ауылдарындағы спорт кешендері ауыл балаларының күнделікті бокспен, күреспен айналысуына, волейбол мен баскетбол ойнауына жақсы мүмкіндік тудырған.

    Жасыратыны жоқ, мектептің спорт залынан басқа мұндай еңселі спорттық кешен салынбаған ауыл мен аудан тұрғындары үшін уақыттарын тиімді өткізетін орынға айналғанын байқадық. Жақсы ойыншылар өсіп келе жатыр екен.

    Құрылыс саласы бойынша салынып жатқан тағы бір еңселі нысан – аудандық емхана құрылысы мен тұрғынүйлер.

    250 орынға арналған төрт қабатты ғимаратты салуға және ішін қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толтыруға 4,1 млрд теңге бөлінгенін айтты бас дәрігер. Компьютерлік томография аппаратына дейінгі барлық құрал-жабдықтар болады, қарапайым отаны Алматыға шапқыламай, осы емханада жасай береді.

    Аудандық аурухана ғимараты

    Біз барғанда құрылыс жұмыстары 90 пайызға аяқталды дегенді айтты мердігерлер. Ал енді бұл ғимаратқа жас мамандар керек. Медицина факультетін бітірген жастарға құлақ қағыс, қолыңызға диплом алсаңыз, Нарынқолға асығыңыз. Мемлекеттен берілетін қомақты қаржысы бар, тұрақты жұмысыңыз бар, Аспантаудың аясында білдей дәрігер болып шыға келесіз.

    Айтпақшы, жылдар бойы айтылып жүрген Нарынқол мен Қытай арасындағы шекара бекеті ашылатын болыпты. Ауданның атқа мінер азаматтары қажетті келісімшарттардың аяқталғанын алға тартты. Аталған шекара бекетінен қазірше жаяу туристер ғана өтетін көрінеді. Болашақта ауыр жүк көліктері де қатынауы мүмкін.

    Шоғансай

    Осы орайда бір сұрақ туындайды. Қытай беті шекараның түбіне дейін тақтайдай тасжол салып, тіреп қойған. Қажетті нысандар бой көтерген. Ал бұған біз дайынбыз ба? Қытайдан күніне 40-50 мың саяхатшы ағылса, қонақтарды күтіп алатын қонақүй, көрсететін туристік нысандарымыздың әлеуеті жете ме?

     

    Берік Фатықұлы картоп Нарынқол Райымбек ауданы шаруашылық шекара

    Оқылып жатыр

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025

    Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

    23.04.2025
    Соңғы жаңалықтар

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.