Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университетінде мамандықтар жәрмеңкесі өтті

    30.04.2026

    ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

    28.04.2026

    “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

    28.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 1 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Абай университетінде мамандықтар жәрмеңкесі өтті

      30.04.2026

      ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

      28.04.2026

      “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

      28.04.2026

      Жетісу университетінде қазақ тілінің цифрлық ресурстары талқыланды

      28.04.2026

      «Болашақ» бөлген күмәнді миллиардтар

      27.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026

      Атыраудағы полиция басшысы қызметтен кетті

      13.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » “Іші ылғал, бұрыштарды зең басқан”: Журналист Қарағандыдағы әлеуметтік үйлердің сұмдық жағдайын көрсетті

    “Іші ылғал, бұрыштарды зең басқан”: Журналист Қарағандыдағы әлеуметтік үйлердің сұмдық жағдайын көрсетті

    Басты тақырып 26.11.2025
    видеодан кадр
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Белгілі журналист Иван Стрижаков Қарағанды облысы Бұхар-Жырау ауданына қарасты Көкпекті ауылында әлеуметтік осал топтарға арналған жаңа үйлердің жағдайын көзбен көріп қайтты. Оның сөзінше, мемлекет қаржысы есебінен салынған, құны 50 миллион теңгеге бағаланған баспаналардың сапасы сын көтермейді. Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялап, мәселені ашық көтерді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Стрижаковтың айтуынша, жаңа үйлердің іші ылғал, қабырғалары сыз тартып тұр. Терезелерінен су сорғалап, бөлмелерде көгеру пайда болған. Балалары ауырып, мазасыз күйге түскен тұрғындар журналистен көмек сұраған.

    “Бұл — әлеуметтік осал топтарға арналған баспаналар. Әр үйдің құны шамамен 50 миллион теңге. Бірақ жағдайын көріп тұрсыздар: үй жаңа болса да, қабырғалары жарылып, терезелері су өткізеді. Тұрғындар маған ылғалдың көп екенін, сыздан балалар ауырып жатқанын айтты. Ең басты сұрақ: осындай үйлерді қабылдап алған аудандық ТКШ бөлімінің жауапкершілігі қайда?” – деді журналист.

    Стрижаковтың айтуынша, бұл үйлер халыққа тегін берілмеген. Тұрғындар ай сайын жалға алу ақысын төлейді. Кейін үйді сатып алғысы келсе, 10% көлемінде алғашқы жарна енгізуі тиіс. Соған қарамастан, сапасы талапқа сай емес. Бұл өз кезегінде халықтың ашу-ызасын тудырып отыр.

    “Кепілдік мерзімі өтіп кетпей тұрып, тұрғын үйлерге техникалық сараптама тағайындау қажет. Құзырлы органдар бұл мәселені назарға алғаны жөн”, – деді ол.

    Тұрғындардың шағымы

    Ауыл тұрғындарының бірі журналиске үй ішіндегі жағдайды көрсетіп шықты. Оның айтуынша, үй тапсырылған күннен бастап ақаулар бірінен соң бірі шыға бастаған.

    “Мына жерді біз шұлықпен бітеп жүрміз, өйткені есіктің асты тесік, суық жел соғады. Терезелер үнемі терлейді, бұрыштарды зең басқан. Қабырғалар жарылып жатыр, олар тек сыртын ғана сылап қойған. Шынымен қарасаңыз, жарық сауысқандай жылтырап көрінеді. Мына жерден қатты суық жел соғады, ал қазір қыс таяп келеді. Бір бөлмеде тұтас қабырға түсіп қала жаздады”, — дейді тұрғын.

    Сонымен қатар ол жуынатын бөлмеде де ақаулар көп екенін айтады.

    “Жуынатын бөлмеде былтыр су атқылап шықты. Себебі крандардың гайкасы мүлдем қатырылмаған екен. Қабырғаға су шашырап, бәрі бүлінді. Желдеткіш те дұрыс орнатылмаған, одан су тамшылайды. Терезелер сарғайып, кейбір жерлері үгітіліп жатыр. Ең сорақысы – зең. Мұнда үш бала өсіп жатыр, ал бөлмелердің бәрі сыз. Бүгінде вирус өршіп тұр, балаларымыз ауырып, мектепке бара алмай қалды. Денсаулықтарына алаңдаймыз”, — деп қосты ол.

    Оның айтуынша, тұрғындар талай рет ТКШ бөліміне жүгінгенімен, тек “уәде берумен” шектеліп, нақты ешқандай жұмыс жүргізілмеген.

    “Біз талап етіп отырған жалғыз нәрсе – уәде берген жұмысты орындаңыздар. Артық нәрсе сұрамаймыз. Үйді жөндеп берсеңіздер болды” – деп аяқтады сөзін тұрғын.

    баспана мәселесі Қарағанды осал топтар

    Оқылып жатыр

    Абай университетінде мамандықтар жәрмеңкесі өтті

    30.04.2026

    ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

    28.04.2026

    “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

    28.04.2026

    Жетісу университетінде қазақ тілінің цифрлық ресурстары талқыланды

    28.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университетінде мамандықтар жәрмеңкесі өтті

    30.04.2026

    ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

    28.04.2026

    “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

    28.04.2026

    Жетісу университетінде қазақ тілінің цифрлық ресурстары талқыланды

    28.04.2026

    «Болашақ» бөлген күмәнді миллиардтар

    27.04.2026

    Метродан жылыстаған миллиондар: бірнеше тұлға жемқорлық бойынша жауапқа тартылды

    27.04.2026

    Бейжай қарамайық: белгілі заңгер даулы видео иесін жауапқа тартуға шақырды

    27.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.