Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сейсенбі, 10 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Танымал блогер Меркі маңында жол апатынан қаза тапты

    Танымал блогер Меркі маңында жол апатынан қаза тапты

    Өңір тынысы 28.03.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    2022 жылғы 27 наурызда сағат таңғы 7:00-де «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» Республикалық маңызы бар автожолының 282 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаменті хабарлады.

    «Тараздан Алматы қаласына бағыт алған «Хонда Одиссей» маркалы автокөлігінің жүргізушісі көлік құралын игере алмай, жол жиегіне аударылып түскен. Салдарынан аталған көліктің 29 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды, жүргізуші мен басқа екі жолаушы түрлі жарақаттармен Меркі ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды Қажетті сараптамалар тағайындалды», — делінген хабарламада. 

    Оқиға орнында қайтыс болған азаматтың қазақстандық блогер Дәулет Бейсенбек екені белгілі болды. Оның артында бір қыз мен ұлы және үшіншісіне аяғы ауыр келіншегі қалды. 

    29 жастағы блогердің әлеуметтік желіде 700 мыңнан аса оқырманы болған.

    Бұл ақпаратты оның досы Әділет растады. 

    «Бүгін жаназасы болды. Ол небәрі 28 жаста еді. Артында екі баласы қалды. Оның үстіне, үшіншісін күтіп жүрген. Бәрінен де келіншегіне ауыр болды», — дейді ол.

    Әділеттің сөзінше, Дәулет Бейсенбек мінген көлік Тараз-Алматы тасжолында апатқа ұшыраған.

    «Ол Таразға тапсырыс алып, той түсіру үшін барған еді. Қайтарында таксиге отырған. Ол отырған көліктің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол бетінен ұшып кеткен. Кеше түнде бізге осы суыт хабар жетті. Әлі өз-өзімізге келе алмай отырмыз», — дейді ол.

    Әділет Instagram-парақшасында қайтыс болған досын еске алып, видео салды. Онда Дәулеттің Алматыдан Таразға қоныс аударған сәті көрсетілген.
    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от 𝘈𝘋𝘐𝘓𝘌𝘛 𝘈𝘙𝘛 𝘚𝘊𝘏𝘖𝘖𝘓 🎥 (@adilet_art)

    Сонымен қатар, Желіде Дәулет Бейсенбектің өзге де әріптестері оның туыстары мен жақындарына көңіл айтып жатыр. 

    «Әлі де сене алар емеспін. Жаратқан мейіріміне алсын. Жаның бөлек еді. Ағайын, жақын адамдарымызды бағалап жүрейікші», — деп жазады блогер Әлішер Қонысбаев. 

    «Өте жақсы жігіт еді. Жүрегім қатты ауырып тұр. Басқа айтар сөзім жоқ. Жолда абай болыңыздаршы, бауырлар. Ұйқыларыңыз келсе, рөлге отырмауларыңызды сұраймын», — деп жазды әнші Серік Ибрагимов. 

    Дәулет Бейсенбектің әлеуметтік желіде 750 мыңнан аса оқырманы бар. Мамандығы — фотограф. Ол кейінгі жылдары әлеуметтік видеолар түсіріп жүрген еді.

    Оқылып жатыр

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

    15.03.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.