Close Menu
    Оқылып жатыр

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Жексенбі, 15 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

      12.06.2025

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Тараз әкімі 2020 жылдың есебін онлайн форматта берді

    Тараз әкімі 2020 жылдың есебін онлайн форматта берді

    Өңір тынысы 01.02.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бүгін, 2021 жылдың 01 ақпанында Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев былтырғы жылдың қорытындысы бойынша №1 және №2 округ тұрғындары алдында онлайн форматта есеп берді
    «Өткен жылы басталған пандемия жұмысқа кері әсерін тигізді десек те, қаламызда Президент тапсырмаларына сәйкес жәнеоблыс әкімінің қолдауымен бірқатар жұмыстар атқарылды. Жыл ішінде атқарылған жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамудың оң динамикасы қалыптасып отыр.

    «Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында жоғары тұрған бюджеттерден 12 нысанды іске асыруға 2 млрд. 495,6 млн. теңге қарастырылып, бұл қаржыға келесідей жұмыстар атқарылуда. Олар, 2019 жылдан өтпелі Саңырақ батыр көшесінен Сорокин көшесіне дейінгі Байзақ батыр көшесінің бойындағы су тартқыштың, Жауғаш батыр көшесінің бойында II-ші көтерілім сорғы станциясын салу және «Барысхан» алқабын сумен қамтамасыз етудің 2-ші кезеңінің құрылыстары аяқталды», — деді қала басшысы.

    Ол «Арай» алқабын электрмен қамтамасыз етудің 2-ші кезеңі және Ы.Дүкенұлы көшесіндегі су жүйесінің құрылыстары 2021 жылға өтпелі екенін айтты.

    «Сумен қамтамасыз ету бойынша өткен жылы Мәмбет батыр көшесі мен қиылыстарындағы су жүйелерінің желілері ағымды жөндеуден өтсе, «Айша бибі» көшесінен бастап «Сүлейменов» көшесіне дейінгі «Төрткөл» алқабының су құбырын және Бас су имаратынан бастап 4-ші ЖЭО-на дейін диаметрі 700 мм құрайтын екінші су тартқышты қайта жаңғырту жұмыстарының жобалары аяқталып, сараптамаға ұсынылуда», — деді Қарабалаев.

    Қала әкімінің айтуынша, ағымдағы жылы Абай даңғылының бойындағы Тастандиев көшесінен бастап Майқы би көшесіне дейінгі су құбырын, Каллауыр әкім көшесінің бойындағы Ташкентская көшесінен бастап Шостакович көшесіне дейінгі 400 мм құрайтын су құбырын, Дүкенұлы көшесінің бойындағы су сорғыш станциясынан бастап Элеваторная көшесіне дейінгі диаметрі 500 мм құрайтын су құбырын және Сәтбаев иінінің су құбырының сервистік желілерінің құрылыстары жүзеге асырылатын болады.

    Ал, «Қарасай», «Тектұрмас» алқаптарын сумен қамтамасыз ету бойынша сметалық құжаттамалары әзірленіп, қаржыландыруға 2021-2022 жылдарға ұсынылады.

    Айта кету керек, қала әкімінің халық алдында есеп беруі барлық 11 округ бойынша күн сайын өтеді. Онлайн форматта өтетін бұл шараға қалалық әкімдіктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы қосылып, қала басшысына сауал жолдауға болады. А.Қарабалаевтың шаһар жұрты алдындағы қорытынды есеп беруі 12 ақпанға белгіленіп отыр.

    Оқылып жатыр

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

    15.03.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.