Close Menu
    Оқылып жатыр

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Жексенбі, 15 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

      12.06.2025

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды

    Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды

    Өңір тынысы 19.03.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Ержан Жылқыбаев Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tarazy.kz порталы облыс әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

    Облыс орталығының жаңа әкімін қала активіне аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев таныстырды.

    «Айтқазы Қарабалаевтың атқарған жұмысына рахмет айтамын. Тараз облыс орталығы болғаннан кейін оның дамуы аймақтың дамуына тікелей байланысты.

    Ержан Жылқыбаев біраз жерде қызмет атқарды, сыннан өтті. Тараздың дамуына бар тәжірибесін салады деп сенемін. Ең бастысы, бірігіп жұмыс істеу керек. Тараз мәдени, туризм ордасы болуы керек. Былтырғы жыл Қордайға көп көңіл бөлінсе, биыл Таразға ерекше назар аударылмақ. Халықтың жағдайын жақсарту, әлеуметтік нысандар салу, инфрақұрылымды,  келбетін жақсартуға көңіл бөлінеді»,- деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

    Айтқазы Қарабалаев Тараз жұртына алғыс білдірді. Ал жаңадан тағайындалған әкім Ержан Жылқыбаев артылған сенімді ақтаймын деп сендірді.

    Ержан Жылқыбаев 1982 жылы туған, білімі жоғары.

    М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Экономист-менеджер», ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі», С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Юрист» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық экономика департаментінің бас маманы қызметінен бастады.

    2006-2009 жылдары ҚР Парламентіндегі Үкімет өкілдігінің бас сарапшысы, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бөлім басшысы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің көмекшісі қызметтерін атқарды.

    2009-2014 жылдары – ШҚО әкімінің аппараты басшысының орынбасары, Семей қаласы әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.

    Әр жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі қызметінде болған, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

    2020 жылдың ақпанынан бастап Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болған.

    «Құрмет» орденімен, түрлі мемлекеттік және халықаралық наградалармен марапатталған.

    Үйленген, 4 баласы бар.

    Оқылып жатыр

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

    15.03.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.