Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев пандемияға байланысты жағдайдың ушыққанын айтып шаһар тұрғындарына Үндеу жасады. Кімнің болсын жақындары мен таныстары індеттен қайтыс болу жағдайы күнде орын алып жатқандығын жасырмай айтты. Осы ретте қала басшысы тұрғындардан талаптарды қатаң сақтап, әр азамат алдымен өзі және отбасының қауіпсіздігіне назар аударуын өтінді.