Жамбыл облысының Тараз қаласында қайғылы оқиға болды. Ер адам көпшілік көзінше бесінші қабаттың балконынан секіріп кетті, деп хабарлайды Tarazy.kz
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 7 сәуір күні кешкі уақытта ер адам 15-ші шағын аудандағы үйлердің біріндегі пәтерде болған. Ол психоневрологиялық есепте тұрған және өзіне зиян келтіремін деп қорқытқан.
Оқиға орнына құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жедел жеткен. Олар ер адамға көмектесу үшін пәтер есігін бұзып кіруге тырысқан. Терезе тұсына өрт сөндіру автосатысы қойылып, төменгі жақта құтқарушылар арнайы сақтандыру құралдарын дайындаған.
Алайда бір сәтте ер адам балконнан секіріп кеткен. Ол дереу ауруханаға жеткізілгенімен, алған жарақаттары ауыр болып, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
