Ағымдағы жылдың маусым-шілде айларында облыс орталығында Тараз қаласының 27 жастағы тұрғыны әйелдердің мойнындағы алтын алқаларын жұлып кетіп ұрлауды кәсіп қылған болып шықты — деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қатарынан құрылған жедел топ тонаушының жеке басын анықтады. Күдікті тұлға ұсталып, кінәсін мойындады.
Белгілі болғандай, өз қауіпсіздігі мақсатында қаскүнем ұрланған алтын бұйымдарды таныстарының ломбардтарына өткізген.
Аталған дерекке қатысты, ҚР ҚК-нің 191-бабының 3-бөлігі бойынша Тараз қаласының ПБ тергеу бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.