Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сейсенбі, 10 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Таразда Наурыз мерекесіне орай ұлттық тағамдар фестивалі өтті

    Таразда Наурыз мерекесіне орай ұлттық тағамдар фестивалі өтті

    Өңір тынысы 21.03.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Наурыз мерекесіне орай Тараз қаласындағы «Жастар» аллеясында «Ұмыт болған ұлттық тағамдар» фестивалі өтіп, онда қазақтың ұлттық тағамдарының бірегей түрлері ұсынылды.

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жиналғандарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, Наурыз мейрамын тойлау халқымыздың игі дәстүрлерін сақтауға септігін тигізетінін атап өтті.

    – Тамыры тереңнен бастау алатын әз Наурыз дана халқымызда  еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, қоғамдағы келісімнің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі ретінде тойланып келеді. Дастарқанға ақ толатын, елімізге бақ қонатын бүгінгі арайлы шақты халқымыз Ұлыстың ұлы күні деп ұлықтаған.

    Наурыз бір ұлтқа ғана емес, жалпы жұртшылыққа ортақ мереке. Оны еліміздегі барлық этнос өкілдері тойлайды.

    Наурызда айтылған әрбір ізгі тілек орындалсын! Ақ мол болсын! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! – деп тілегін білдірді аймақ басшысы.

    Облыс әкімі биыл Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауындағы ауқымды саяси реформаларға негізделген бастамаларын жүзеге асыру жоспарланып отырғанын атап өтті.

    — Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Мемлекет басшысының алдымызға қойған міндеттерін толық орындауға тиіспіз, — деді Бердібек Сапарбаев.

    Келесі кезекте аймақ басшысы ел Президентінің Жарлығымен бекітілген мемлекеттік наградаларды экономика мен әлеуметтік саланың түрлі бағыттарында жұмыс істейтін жамбылдықтарға табыс етті. Атап айтқанда, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматтар «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Шапағат», «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» медальдарымен марапатталды, сондай-ақ ҚР Президентінің Алғыс хаты табыс етілді.

    Фестиваль қонақтары ұлттық тағамдар – үлпершек, қарма, түймеш, қимай, жау жүрек, жоңқа, өкпе сүт, ақ сорпа, май шұрқан, ми палау, жалпа, қарын бүрме, өрме төстіктен дәм татты.

    Тұрғындар түйе, ешкі және сиыр сүтінен жасалған құрттың алуан түрінен, қымыз бен шұбаттан және ірімшіктен де ауыз тиді.

    Фестиваль аясында Балалар көркемсурет мектебі мен техникалық шығармашылық орталығы оқушыларының еңбектерінен әзірленген көрме көпшілік назарына ұсынылды.

    Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

    Оқылып жатыр

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

    15.03.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.