Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

    27.06.2025

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сейсенбі, 1 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

      27.06.2025

      Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

      12.06.2025

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

      15.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Таразда жаңа қоғамдық көліктер пайдалануға берілді

    Таразда жаңа қоғамдық көліктер пайдалануға берілді

    Өңір тынысы 25.04.2023
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен Тараз қаласында 23 жаңа қоғамдық көлік пайдалануға берілді.

    Атап айтсақ, қала аумағындағы  қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында «№1 Тараз автобус паркі» ЖШС 20 бірлік «Zhong Tong» маркалы автобустар жеткізген. Ұзындығы 8.5 метрді, жалпы сыйымдылығы кемінде 55 адамды құрайтын бұл көліктер №11, 46, 28, 55 маршрут бағыттарында қызмет көрсетеді.

    Сонымен қатар, «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС тарапынан алынған 3 бірлік үлкен сыйымдылықты «Zhong Tong» маркалы автобустар №19 бағытқа қосымша қызмет көрсетеді деп көзделуде. Аталған бағыттағы көліктер саны 13 бірліктен 16 бірлікке артып, жүру жиілігі 14 минуттан 10 минутқа қысқармақ.

    — Облыс орталығындағы қоғамдық көліктердің жетіспеушілігіне қатысты мәселені субсидия арқылы шешу қолға алынуда. Ол үшін бюджеттен 2 миллиард 200 мың теңге көлемінде қаржы қаралды.

    Біз жыл сайын 70-100 жаңа автобус алу керекпіз. Алдағы үш жылда қоғамдық көліктер паркін жаңалап, жаңа бағыттармен шалғай тұрғын алқаптарды қамтуға тиіспіз.
    Қоғамдық көліктерді баламалы отын көзіне ауыстыру бойынша да жұмыстар атқарылуда
    ,-деді аймақ басшысы.

    Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің айтуынша, бүгінге дейін Тараз қаласында 200 автобусқа қажеттіліктің бар екендігі анықталған. Осы орайда жолаушылар көлігі тасымалын жандандыру, жетілдіру және де тұрғындарды жолаушы көлігімен толық қамтамасыз ету мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленген. Соған сәйкес, жыл сайын қалаға 70 жаңа автобус жеткізу жоспарлануда. Осылайша, аталған мәселе бүгінде оң шешімін тауып келеді.

    Айта кетейік, автопарктердегі жылжымалы құрамдарды жаңарту жұмыстары бойынша 2019 жылдан бастап жалпы 154 бірлік  автобус жеткізілген. Сондай-ақ 2022 жылдың мамыр айында «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС үлкен сыйымдылықты «ZHONG TONG» маркалы 20 бірлік автобус сатып алып, ескірген автобустарды алмастырған болатын. Ал, «Smart City Servise» ЖШС арқылы («City Bus») 10 бірлік отандық «Golden Dragon» маркалы автобустарын, «ТаразТрансМоторс» ЖШС-і 7 бірлік ПАЗ маркалы автобустарды алып келіп, іске қосқан.

    Жоғарыда аталған жоспарға сәйкес 3 жыл көлемінде 120 аялдама орнату, аялдамаларға 90 бірлік жарық диодты цифрлық таблолар орнату, кемінде 200 бірлік автобустар сатып алу, жаңа 15 жолаушылар бағыттарын ашу, күнделікті қызмет көрсететін автобустар санын 460-қа дейін арттыру көзделуде. Осы мақсатта «СапарТранс-2012» ЖШС тарапынан кемінде 10 бірлік Yutong маркалы автобустарды қыркүйек айында жеткізу қолға алынса, «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС тарапынан жыл аяғына дейін қосымша 25 бірлік автобус жеткізу жоспарлануда. Бұған қоса «City Bus» ЖШС-мен 60 бірлік автобус жеткізуге қатысты меморандум жасалған.  Аталған автобустар 3 жылдық жоспарға сәйкес жаңадан ашылатын бағыттарға қызмет көрсететін болады.

    Оқылып жатыр

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

    27.06.2025

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.