Close Menu
    Оқылып жатыр

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сейсенбі, 17 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

      12.06.2025

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

      15.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Тоғыз айда 433 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

    Тоғыз айда 433 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

    Өңір тынысы 20.10.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Облыс әкімдігінің мәжіліс залында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы мен «Нұрлы жол» инфрақұрылымын дамыту бағдарламасын іске асыру мәселелері қаралды.

    Басқосуда облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек баяндама жасап, ағымдағы жылдың 9 айында облыста 433 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін және бұл өткен жылдың сәйкес деңгейінен 9,5 пайызға артық екендігін мәлімдеді. Жалпы өңірде тұрғын үй кезегінде 32 740 адам тұрған болса, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері, көп балалы отбасылар, жетім балалар, бюджет қызметкерлері бар.

    Пәтер кезегіндегілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджеттен 24,9 миллиард теңге бөлініп, 65 көппәтерлі тұрғын үй салынуда (3766 пәтер), оның ішінде 48 үй (2820 пәтер) «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша. Жыл соңына дейін 55 көпқабатты үйдің (3181 пәтер) құрылысын аяқтау жоспарланып отырса, оның ішінде 38 үй (2235 пәтер) – «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынуда.

    Жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев орынбасары Ұлан Жазылбек пен салалық басқарма басшыларына мердігерлер кестеден қалып қоймас үшін құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысын бақылауды тапсырды. Сонымен қатар шарада Байзақ және Жуалы аудандарының әкімдері биыл сеніп тапсырылған аумақтарда көпқабатты үйлердің құрылысы неліктен жоспарланбағанын түсіндірді. Қос аудан әкімдері тұрғын үйлер салу жобалары мемлекеттік сараптамадан өтіп жатқанын жеткізді. Олардың сөздеріне сенсек, тұрғын үйлердің құрылыстары келесі жылы басталатын көрінеді.

    – Мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты тиімді пайдаланып қана қоймай, сонымен бірге банктермен ынтымақтастық орнату маңызды. Олардың өкілдері жергілікті әкімдіктерге қажетті ақпаратты уақытында бермейді дейді, – деді облыс әкімі.

    Аймақта 124 433 тұрғын жеке тұрғын үй салу үшін жер алуға кезекте тұр. Өткен жылы кезекте тұрғандарға 1189 жер телімі бөлінсе, биыл 4123 жер телімін бөлу жоспарланып отыр. Жер кезегінде тұрғандарға берілетін аумақтарға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы «Нұрлы жер» және жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы бағдарламалары шеңберінде жүргізілуде.

    – Аудандарда жер телімдерін беру мәселесі кешеуілдеп жатыр. Тұрғындардың дені  он жылдан бері кезекте тұруға мәжбүр. Сіздер жер кезегінде тұрғандарға берілетін аумаққа инженерлік инфрақұрылым жүргізесіздер. Бірақ тиісті азаматтарға жер телімдерін бермейсіздер. Әр аудандағы жағдайды талдау қажет, – деген облыс әкімі бұл мәселені тиімді шешуді тапсырды.

    Кеңесте Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі облыстық филиалының директоры Гүлзат Бекназарова «Шаңырақ» бағдарламасы аясында 46 отбасы, «Бақытты отбасы» жобасы бойынша 333 отбасы пәтер алғанын жеткізді.

    – Бұл бағдарламалар көптеген отбасылардың пәтер алуына зор мүмкіндік береді. Аудандар мен облыс орталығы осы маңызды бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастыруы керек, – деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

    Сондай-ақ жиында облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков өңірде «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы есеп берді. Оның сөзінше, биыл өңірде 257,6 шақырым жолды салу мен қайта жаңартуға 8,3 миллиард теңге бөлінген. Сонымен қатар 520 жаңа жұмыс орны құрылып, 13 объектіде жұмыс толығымен аяқталса, қалған нысандар ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін пайдалануға берілмек. Ағымдағы жылы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін жақсы және қанағаттанарлық жағдайда 90 пайызға дейін жеткізу жоспарланыпты.

    – Автомагистральдарды жөндейтін мердігерлер жақын маңдағы ауылдарға алып баратын жолдардың учаскелерін жөндеуге міндетті. Сондай-ақ жол бойындағы қызмет көрсету сапасын жақсарту туралы да ұмытпаған жөн. Барлық жұмысшылар жергілікті тұрғындар болуы керек. Компаниялар өздері өндіретін материалдарды пайдалануға кепілдік беріп отыр. Дегенмен жауапты мамандар оны да бақылап отырулары қажет, – деді жиынды қорытындылаған Бердібек Сапарбаев.

    тұрғын үй

    Оқылып жатыр

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.