Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университеті әлем үздіктерінің қатарында

    26.03.2026

    Қазақ еліне +1 банк: БАӘ-нің ірі қаржы ұйымы Қазақстан нарығына қосылмақ

    26.03.2026

    Иран Ормуз бұғазын «ақылы» етуді көздейді

    26.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 28 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Абай университеті әлем үздіктерінің қатарында

      26.03.2026

      Қазақ еліне +1 банк: БАӘ-нің ірі қаржы ұйымы Қазақстан нарығына қосылмақ

      26.03.2026

      Иран Ормуз бұғазын «ақылы» етуді көздейді

      26.03.2026

      Kinopark – Kinoplexx кинотеатрлар желісінде заңбұзушылықтар анықталды

      26.03.2026

      Батыс Қазақстанға тағы да дрон түсті

      26.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Түркиядағы Рами кітапханасының қоры Қазақстанның ғылыми-әдеби мұрасымен толықты

    Түркиядағы Рами кітапханасының қоры Қазақстанның ғылыми-әдеби мұрасымен толықты

    Жаңалықтар 18.12.2025
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    2025 жылғы 17 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Түркия Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Рами кітапханасында «Қазақстанның ғылыми және әдеби бұрышының» салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Аталған бастама алғаш рет Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты «Ғылым ордасы» РМК-ның бастамасымен және Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен жүзеге асырылды.

    Жобаның мақсаты – Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету, қазақтың әдеби және ғылыми мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау, сондай-ақ Рами кітапханасында қазақ ғылымы мен әдебиетіне арналған тұрақты ақпараттық-танымдық кеңістік қалыптастыру.

    Салтанатты іс-шараға Түркияның Әділет және даму партиясының Түркі мемлекеттерімен байланыстар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары, доктор Решиде Юксель, Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл, Рами кітапханасының директоры Али Челик, қазақ әдебиетінің түрік тіліне аудармашысы Құддыс Чолпан, «Ғылым ордасы» РМК-ның бас директоры Ұлар Мұқажанов, TURKTAV Түркі тарихы мен мәдениеті қорының атқарушы директоры Әсел Лахаева, сондай-ақ ТҮРКСОЙ өкілдері, Түркияның мәдениет және білім саласының зиялы қауым өкілдері мен Түркиядағы қазақстандық студенттер қатысты.

    Іс-шара барысында «Ғылым ордасы» РМК-ның бас директоры Ұлар Мұқажанов бастаманың маңыздылығын атап өтіп, оның Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы рөліне ерекше тоқталды.

    «Рами кітапханасында ашылған бұл бұрыш Қазақстан мен Түркия арасындағы ғылыми және мәдени ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, қазақтың зияткерлік мұрасын халықаралық деңгейде кеңінен танытуға бағытталған маңызды қадам», – деді Ұлар Мұқажанов.

    Екі ел арасындағы бастама аясында қазақстандық тараптан 250 дана кітап сыйға тартылды. Жаңа бұрышқа Ғылым ордасының Орталық ғылыми кітапханасы, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұсынған қазақ әдебиеті, тарихы, мәдениеті мен ғылымына арналған басылымдар қойылды. Айта кету керек, Орталық ғылыми кітапхана бүгінде 6 миллионға жуық кітап қорына ие еліміздегі ең ірі ғылыми кітапханалардың бірі болып саналады.

    Жобаның дәл Рами кітапханасында жүзеге асырылуы да айрықша мәнге ие. XVIII ғасырда салынған тарихи ғимарат кешенді реставрациядан кейін Түркияның ең ірі әрі заманауи білім орталықтарының біріне айналды. «Тірі кітапхана» тұжырымдамасын енгізген бұл мекеме бүгінде ғылым, мәдениет және өнер салаларындағы халықаралық жобаларды жүзеге асыратын маңызды платформа ретінде қызмет атқарып келеді.

    Рами кітапханасында «Қазақстанның ғылыми және әдеби бұрышының» ашылуы – қазақ ғылымы мен әдебиетін әлемдік кеңістікте танытуға және Қазақстан мен Түркия арасындағы рухани байланысты нығайтуға бағытталған маңызды мәдени бастама.

    Рами кітапханасы тәуелсіздік күні түркия

    Оқылып жатыр

    Абай университеті әлем үздіктерінің қатарында

    26.03.2026

    Қазақ еліне +1 банк: БАӘ-нің ірі қаржы ұйымы Қазақстан нарығына қосылмақ

    26.03.2026

    Иран Ормуз бұғазын «ақылы» етуді көздейді

    26.03.2026

    Kinopark – Kinoplexx кинотеатрлар желісінде заңбұзушылықтар анықталды

    26.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университеті әлем үздіктерінің қатарында

    26.03.2026

    Қазақ еліне +1 банк: БАӘ-нің ірі қаржы ұйымы Қазақстан нарығына қосылмақ

    26.03.2026

    Иран Ормуз бұғазын «ақылы» етуді көздейді

    26.03.2026

    Kinopark – Kinoplexx кинотеатрлар желісінде заңбұзушылықтар анықталды

    26.03.2026

    Батыс Қазақстанға тағы да дрон түсті

    26.03.2026

    Қазақстан бидай экспортын арттырды: үлес 13,8%-ға дейін өсті

    26.03.2026

    Дрон шабуылы Қазақстанды 3,8 млн тонна мұнайдан айырды

    26.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.