Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алматыда қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде

    24.01.2026

    Абай тағылымы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың зияткерлік құндылығы

    24.01.2026

    Орал тұрғынын Мәскеуде соғысқа күштемек болған

    23.01.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 24 января
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Орал тұрғынын Мәскеуде соғысқа күштемек болған

      23.01.2026

      Биыл балаларға Ұлттық қордан 130 АҚШ доллары аударылады

      23.01.2026

      СҚО-да өрттен қаза тапқан баланың анасы қамауға алынды

      22.01.2026

      Жамбыл облысында 22 жасөспірім уланып, ауруханаға жеткізілді

      22.01.2026

      Алматы бюджетінен «Қайратқа» 840 млн теңге бөлінбек

      22.01.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде

      24.01.2026

      Абай тағылымы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың зияткерлік құндылығы

      24.01.2026

      Ғылым ордасы мен Ұлттық кітапхана ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

      22.01.2026

      Әскери тәртіп пен шығармашылықты ұштастырған жас жауынгер

      21.01.2026

      Экологиялық идеялар тоғысқан алаң: Жетісу университетінде «Жасыл хакатон – 2026» өтті

      21.01.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Үкіметте Жамбыл облысының жеке қосалқы шаруашылықтарын қолдау бойынша пилоттық жоба талқыланды

    Үкіметте Жамбыл облысының жеке қосалқы шаруашылықтарын қолдау бойынша пилоттық жоба талқыланды

    Өңір тынысы 17.09.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің селекторлық отырысында ауылдарда жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау арқылы Жамбыл облысының тұрғындарының табысын арттыру бойынша пилоттық жобаны іске асыру жолдары қаралды.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған пилоттық жоба бойынша тапсырмаларын іске асыру тетігін әзірлеу бойынша атқарылған жұмыстар туралы Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Р. Құрманов, сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев баяндады.

    Жоба келесі бағыттар бойынша мемлекеттік қолдау шараларын қарастырады: өсімдік шаруашылығы, мал және құс шаруашылығын дамыту үшін үй іргесіндегі телімдерді тиімді пайдалану, сондай-ақ, елді мекендерден тыс жерлерде әр ауыл тұрғынына тиесілі жер ресурстарын тиімді пайдалану; әр ауылдық округте қажетті техника, құрал-жабдықтармен және айналым қаражаттарымен кооператив құру.

    Пилоттық жобаны іске асыруға 2020 жылдың соңына дейін игеру кезеңімен шамамен 46,4 млрд теңге қажет. Биыл бастапқы кезеңде облыстың 10 ауданының 10 ауылдық округіне 7,2 млрд теңге қажет, оларды 2459 шағын несие беруге, оның ішінде 492 стартап-жобаға беруге бағыттау көзделген. Шағын несиелерді ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда соңғы қарыз алушыға жылдық 2,5 пайыз және 7 жылдан аспайтын мерзімге беру жоспарлануда.

    ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Еңбек» Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында  0,01% мөлшерлемемен облыс әкімдігіне бюджеттік несие беруді ұсынады. Әкімдік, өз кезегінде, сенімді агентті тартумен халыққа одан әрі несие беруді жүзеге асырады. Бұл ретте «Тараз» ӘКК сенімді агент ретінде әрекет етеді және соңғы қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі 2,5% құрайды.

    «Өздеріңіз білесіздер, біздің алдымызда қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, өмір сапасын жақсарту міндеті тұр. Азаматтарға өздерінің кәсіпкерлік бастамаларын іске асыруға, несиелерді оңай алуға, отбасылық бизнес жүргізуге барлық мүмкіндіктерді жасауымыз қажет. Шағын несие беру жай ғана аз пайызбен ақша тарату болмауы керек.  Жобаны іске асыру кезінде қарыз ақшаны қайтаруға қатаң бақылау болуы қажет», — деді Асқар Мамин.

    Үкімет басшысы ауыл шаруашылығы мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне қыркүйек айының соңына дейін пилоттық жобаны іске асыру тетігін қарауға енгізіп, сондай-ақ жарияланған көрсеткіштерге уақытылы қол жеткізудің тиісті бақылауын қамтамасыз етуді тапсырды.

    «Келесі жылы пилоттық жобаны іске асыру қорытындысын шығарамыз», — деп түйіндеді премьер-министр.

    ауыл шаруашылығы

    Оқылып жатыр

    Алматыда қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде

    24.01.2026

    Абай тағылымы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың зияткерлік құндылығы

    24.01.2026

    Ғылым ордасы мен Ұлттық кітапхана ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

    22.01.2026

    Әскери тәртіп пен шығармашылықты ұштастырған жас жауынгер

    21.01.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Алматыда қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде

    24.01.2026

    Абай тағылымы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың зияткерлік құндылығы

    24.01.2026

    Орал тұрғынын Мәскеуде соғысқа күштемек болған

    23.01.2026

    Биыл балаларға Ұлттық қордан 130 АҚШ доллары аударылады

    23.01.2026

    Трамп Иранға байланысты қатаң ескерту жасады

    23.01.2026

    Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім шығарды

    23.01.2026

    Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев соққыға жығылды

    23.01.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.