Close Menu
    Оқылып жатыр

    Үш күндік волейбол додасында Жетісу университеті топ жарды

    09.04.2026

    Енді жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға болмайды

    09.04.2026

    Ұлытау облысының Жәйрем кентінде 4 баланың анасын өлтіріп кетті

    09.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 9 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Үш күндік волейбол додасында Жетісу университеті топ жарды

      09.04.2026

      Енді жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға болмайды

      09.04.2026

      Ұлытау облысының Жәйрем кентінде 4 баланың анасын өлтіріп кетті

      09.04.2026

      Мейрамбек Бесбаев жас әншіге көлік сыйлады

      09.04.2026

      Қазақстаннан білікті мамандар шетке кетуде: сарапшы себебін түсіндірді

      09.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау облысында сиырлар жаппай ауырып жатыр

      09.04.2026

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Үш күндік волейбол додасында Жетісу университеті топ жарды

    Үш күндік волейбол додасында Жетісу университеті топ жарды

    Жаңалықтар 09.04.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жетісу жерінде Ұлттық Студенттік Лиганың Шығыс дивизионы аясындағы волейбол жарысы жоғары деңгейде өтті. Үш күнге созылған тартысты додада Шығыс дивизионына қарасты жоғары оқу орындарының командалары өзара бақ сынасып, шеберліктерін көрсетті, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Жарыстың алғашқы күнінде Шәкәрім университеті, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Әлихан Бөкейхан университеті, Семей медицина университеті және І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің командалары алаңға шығып, жанкүйерлерге қызықты әрі тартысты ойын сыйлады. Әр кездесу жоғары қарқынмен өтіп, командалар тактикалық шеберлігі мен командалық үйлесімділігін көрсете білді.

    Жетісу өңірінде ерлер мен әйелдер арасында өткен маңызды спорттық шараны Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті қабылдап, ұйымдастырған еді. Білім ордасының заманауи спорттық базасы мен қаладағы Жетісу волейбол орталығы жарысты кәсіби деңгейде өткізуге толық мүмкіндік берді.

    Волейбол – ептілік пен шапшаңдықты, төзімділік пен дәлдікті талап ететін спорт түрі. Командалар шабуыл мен қорғаныс арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, ұпай еншілеу жолында тамаша ойын өрнегін көрсетті.

    Семей, Өскемен жеріндегі жоғары оқу орындарының қыздар және ұлдар командасының мүшелері волейбол ойынының техникасын жақсы меңгергенін көрсетіп, көрермендердің көзайымына айналды. Үш күн бойы бақ сынасқан командалар бүгін ақтық ойынға шығып жеңімпаз команданы анықтады. Қыздар арасында жүлделі ІІІ орын Әлихан Бөкейхан университетіне, ІІ орын Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне бұйырды. Ал І орынды алаң иесі І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің командасы жеңіп алды. Ұлдар арасындағы тартысты ойында ІІІ орынды Семей медицина университеті, ІІ орынды Шәкәрім университетінің командасы алса, І орынға І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің командасы ие болды. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

    Жалпы, Ұлттық Студенттік Лиганың бұл кезеңі тек спорттық дода ғана емес, сонымен қатар достық пен ынтымақтастықтың, өзара құрмет пен қолдаудың алаңына айналды.

    волейбол жетісу студент

    Оқылып жатыр

    Енді жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға болмайды

    09.04.2026

    Ұлытау облысының Жәйрем кентінде 4 баланың анасын өлтіріп кетті

    09.04.2026

    Мейрамбек Бесбаев жас әншіге көлік сыйлады

    09.04.2026

    Қазақстаннан білікті мамандар шетке кетуде: сарапшы себебін түсіндірді

    09.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Үш күндік волейбол додасында Жетісу университеті топ жарды

    09.04.2026

    Енді жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға болмайды

    09.04.2026

    Ұлытау облысының Жәйрем кентінде 4 баланың анасын өлтіріп кетті

    09.04.2026

    Мейрамбек Бесбаев жас әншіге көлік сыйлады

    09.04.2026

    Қазақстаннан білікті мамандар шетке кетуде: сарапшы себебін түсіндірді

    09.04.2026

    Қазақтарға тіл тигізген Екатерина Бивол 7 жылға сотталуы мүмкін — ІІМ

    09.04.2026

    Атырау облысында сиырлар жаппай ауырып жатыр

    09.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.