Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстан адам дамуының көрсеткіші бойынша ТМД-да көш бастады

    24.07.2026

    Brent мұнайының бағасы 100 $-дан асты

    24.07.2026

    Алматыдағы автобус жолағын алып тастауға петиция жарияланды

    24.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 24 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстан адам дамуының көрсеткіші бойынша ТМД-да көш бастады

      24.07.2026

      Brent мұнайының бағасы 100 $-дан асты

      24.07.2026

      Алматыдағы автобус жолағын алып тастауға петиция жарияланды

      24.07.2026

      Үкімет жаңа KazSat-3R спутнигін ұшыруға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

      23.07.2026

      Шымкентте субсидияға бөлінген 5 млрд теңге жымқырылған

      23.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қазақстаннан білікті мамандар шетке кетуде: сарапшы себебін түсіндірді

    Қазақстаннан білікті мамандар шетке кетуде: сарапшы себебін түсіндірді

    Басты тақырып 09.04.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Кейінгі жылдары Қазақстаннан еңбек көші-қонының бағыты өзгеріп, жоғары білікті мамандардың бір бөлігі Еуропа мен Таяу Шығыс елдерінің орнына Өзбекстанды таңдай бастаған. Бұл үрдіс, әсіресе, тәжірибелі әрі қалыптасқан кәсіби мамандар арасында айқын байқалады.

    Qazaq Expert Club сарапшысы, кадрлық даму саласының маманы Арман Шоқпаров Өзбекстанда жұмыс істейтін 60-тан астам қазақстандық арасында зерттеу жүргізген, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Оның айтуынша, бұл қатарға жас мамандар емес, 30–45 жас аралығындағы, еңбек өтілі 10–20 жылдан асатын кәсіби кадрлар кіреді.

    «Бұл – өз саласында қалыптасқан, тәжірибесі мол мамандар. Олар негізінен қаржы секторы, ІТ, телеком және халықаралық консалтинг салаларында еңбек етеді», — дейді Арман Шоқпаров.

    Сарапшының сөзінше, мұндай мамандар көбіне жұмысты өздері іздемейді. Керісінше, оларды өзбекстандық жұмыс берушілер арнайы шақырады немесе халықаралық компаниялар ішіндегі ауысым арқылы қызметке тартады. Яғни, білікті кадрларға сұраныс жоғары.

    Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, релокацияның басты себептерінің бірі – қаржылай мүмкіндік. Мамандардың жалақысы орта есеппен 50–100 пайызөссе, кейбірінің табысы екі еседен де жоғары.

    Арман Шоқпаровтың айтуынша, мотивация тек табысқа байланысты емес.

    «Көпшілігі үшін кәсіби өсу, ірі жобаларға қатысу және халықаралық тәжірибе жинау маңызды», – деп атап өтті ол.

    Алайда сарапшы бастапқы күтілімдердің уақыт өте келе өзгеретінін де жасырмайды. Оның пікірінше, респонденттер үшін басты шектеулердің бірі – бизнес-ортаның даму деңгейі.

    «Қазақстан цифрландыру мен корпоративтік стандарттарды енгізу кезеңінен 8–10 жыл бұрын өткен. Сондықтан бізде басқару жүйесіне қойылатын талап жоғары. Ал Өзбекстанда бұл бағыт әлі қалыптасу үстінде», – дейді ол.

    Соған қарамастан, сауалнамаға қатысқандардың тек үштен бірі ғана Қазақстанға оралуды жоспарлап отыр. Қалғандары Өзбекстанда ұзақ мерзімге қалуды немесе бұл тәжірибені өзге елдерге көшуге мүмкіндік ретінде қарастырады.

    Сарапшы мұны ел үшін маңызды мәселе деп бағалайды. Оның сөзінше, бұл – уақытша емес, ұзақмерзімді адами капиталдың сыртқа кетуі.

    «Басқаша айтқанда, жоғары білікті мамандар халықаралық еңбек нарығына бейімделіп, елге қайтуы қиындай түседі», — деп қосты ол.

    Арман Шоқпаровтың пікірінше, кадрлардың сыртқа кетуі ішкі нарыққа да әсер етеді. Атап айтқанда, басқарушы буын әлсіреп, компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі төмендеуі мүмкін.

    «Егер үрдіс өзгермесе, Қазақстан басқарушылық құзыреттер тапшылығына тап болып, сыртқы мамандарға тәуелділік артуы мүмкін», – деп ескертті.

    жастар интеллект Қазақстан нарық

    Оқылып жатыр

    Қазақстан адам дамуының көрсеткіші бойынша ТМД-да көш бастады

    24.07.2026

    Brent мұнайының бағасы 100 $-дан асты

    24.07.2026

    Алматыдағы автобус жолағын алып тастауға петиция жарияланды

    24.07.2026

    Үкімет жаңа KazSat-3R спутнигін ұшыруға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

    23.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстан адам дамуының көрсеткіші бойынша ТМД-да көш бастады

    24.07.2026

    Brent мұнайының бағасы 100 $-дан асты

    24.07.2026

    Алматыдағы автобус жолағын алып тастауға петиция жарияланды

    24.07.2026

    Үкімет жаңа KazSat-3R спутнигін ұшыруға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

    23.07.2026

    Шымкентте субсидияға бөлінген 5 млрд теңге жымқырылған

    23.07.2026

    Түркістанда 3 млрд.тан астам қаржы жымқырған 27 адам сотталды

    23.07.2026

    Алты айда ұлттық қордың бүйірі қаншалықты бұлтиды?

    23.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.