Понедельник, 21 сентября

Ұлыбритания тұрғыны лотереядан 123 миллион фунт стерлинг көлемінде джекпот ұтып алды, — деп хабарлайды Lenta.ru.

The Mirror ақпараты бойынша, бұл көлемі бойынша елдегі үшінші үлкен ұтыс.

EuroMillions лотереяның жеңімпазы қажетті 7 нөмірді (5 негізгі және 2 қосымша) дәл тапқан. Бұл лотереяның билеттері 2,5 фунт стерлинг тұрады. Қатысушы 1-ден 50-ге дейін бес санды және 1-ден 12-ге дейін екі санды дәл табуы қажет.

EuroMillions әлемнің тоғыз елінде ұйымдастырылады. Биыл ақпанда ирландиялық Нол ауылының тұрғыны осы лотереядан 153 миллион фунт стерлинг ұтып алған болатын.

Exit mobile version