Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 3 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

      03.04.2026

      Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

      03.04.2026

      Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

      03.04.2026

      Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

      03.04.2026

      Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

      03.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » ҰЭМ Жамбыл облысында семинар өткізді

    ҰЭМ Жамбыл облысында семинар өткізді

    Өңір тынысы 18.01.2023
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысында Ұлттық экономика министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» тақырыбында семинар өтті.

    Аталған шараға Ұлттық экономика, Ауыл  шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ, республиканың 5 өңірінен келген арнайы сала мамандары қатысты.

    Семинар барысында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, ҚР ҰЭМ Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары Нұрлан Мақсұтов сөз сөйледі. Министрлік өкілдері Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы бойынша негізгі мақсаттарға тоқталды. Сондай-ақ, бұл бастама ауылдың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеріп,  тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыруға бағытталғанын жеткізді.

    Жиын барысында «Ауыл – ел бесігі», «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» жобаларының  өңірде іске асырылу барысы баяндалды.

    Бұдан соң, Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков  «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша пайдалануға берілген нысандардың жұмысымен танысты.

    Алдымен ол Аса ауылындағы Мұқан Төлебаев атындағы өнер мектебіне барды.

    1975 жылы бой көтерген нысан бастапқыда кинокөрсетілім орталығы болған, соңғы жылдары қараусыз қалып, 2019 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасымен күрделі жөндеуден өткен. Бүгінде өнер мектебі ретінде құрылып, 11 үйірме жұмыс істеуде. Оған 1462 оқушы қатысады.

    Вице-министр  орталық ұжымы мен талантты балаларға сәттілік тіледі.

    Бауыржан Омарбеков бастаған мемлекеттік орган өкілдері аудан орталығындағы әмбебап спорт кешенінде болды.

    224 балаға арналған спорт кешенінің құрылысын «Өмірзақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген.

    Кешенде үлкен футбол, екі кіші футбол, тенис, бокс, күрес, жүгіру, жаттығу алаңдары бар. Кешенде аудан жастары бекітілген кесте бойынша жаттығады.

    – Жастарды спортқа мейілінше көп тартуымыз керек. Салауатты ұрпақ – елдің жарқын болашағы. Олардың спортпен шұғылдануына қолайлы орта қалыптастыру мемлекеттің негізгі – міндеті, – деді вице-министр.

    Келесі кезекте жұмыс тобы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында күрделі жөндеуден өткен «Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру» орталығында болды.

    1400 балаға арналған орталықта 23 педагог техникалық, көркем эстетикалық, тілдік, биологиялық-экологиялық, сәндік қолданбалы, кәсіптік бағдар беруге оқушыларды баулыйды.

    Бұдан бөлек, Ұлттық экономика вице-министрі Байзақ ауданында болды. Жұмыс тобы «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» жобасы аясында атқарылған шараларды назарға алып, ауыл шаруашылығы коперативінің, бірқатар шаруашылық иелерінің жұмысын көрді.

    Оқылып жатыр

    Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

    02.04.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026

    Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

    03.04.2026

    Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

    03.04.2026

    Тапқан табыс пен шығын сәйкес келмесе 10% салық төлеуіңіз мүмкін

    02.04.2026

    15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен шартқа қол қойды

    02.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.