Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақ елі үшін мамыр айының жартысы демалыспен өтеді

    07.04.2026

    Қазақстанда кредит алушылар саны азайған

    07.04.2026

    Шерзат ісі: Екі сотталушы ақталғысы келеді

    07.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 7 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда кредит алушылар саны азайған

      07.04.2026

      Шерзат ісі: Екі сотталушы ақталғысы келеді

      07.04.2026

      Қайрат Сатыбалдыға тиесілі бизнес орталық сатылмай қалды

      07.04.2026

      Атышулы Перизат Қайрат ісіндегі 79 млн теңгелік Lexus 600 көлігі кімге бұйырды

      07.04.2026

      Сәтбаев университеті жанынан құрылыс материалдарын өндіретін зауыт ашылды

      06.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облыстық ПД басшысы онлайн-режимде есеп берді

    Жамбыл облыстық ПД басшысы онлайн-режимде есеп берді

    Өңір тынысы 28.05.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    27 мамырда Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменовтің облыс тұрғындарымен онлайн-режимде есеп беру кездесуі өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

    Іс-шара Жамбыл облысы Полиция департаментінің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы тікелей эфирде өткізілді. Жанат Сүлейменов баяндама барысында азаматтарды жамбылдық полицейлердің жұмысының негізгі көрсеткіштерімен таныстырды.

    2020 жылдың 4 айында тіркелген қылмыстардың жалпы саны 34,9 пайыз ға төмендеді: ұрлық саны – 46.8 пайызға, тонау дерегі – 18.5 пайызға, қарақшылық оқиғасы – 60 пайыз ға, бұзақылық – 21,2 пайыз ға, мал ұрлығы 14,6 пайызға төмендеді, — деп атап көрсетті Жанат Сүлейменов.

    Жыл басынан бері пәтер ұрлығын жасаған 44 адамнан тұратын 7 қылмыстық топ және мал ұрлаумен айналысқан 28 адамнан тұратын 6 қылмыстық топ құрықталды.

    Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыстар 49 пайыз ға азайған. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 4,5 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке, 21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь өнімдерін сатқаны үшін 94 сатушы мен кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    «Департамент интернет желісінің мониторингін ұдайы жүргізеді, қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде синтетикалық есірткі жарнамасы бар 21 сайт бұғатталды. Барлығы 4 ай ішінде есірткі дерегімен байланысты 191 қылмыстық құқық бұзушылық дерегі анықталды», — деп атап өтті Ж.Сүлейменов.

    Бұдан кейін Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы тұрғындардан тікелей эфирде түскен сұрақтарға жауап берді. Онлайн трансляция барысында Жанат Сүлейменовке есту аппаратын сыйлағаны үшін 88 жастағы зейнеткер Сейдімхан Тілеуқұлов немересінің аккаунты арқылы өз алғысын білдірді.

    Кездесу соңында Жанат Сүлейменов облыс тұрғындарына кері байланыс жасағандары үшін алғысын білдіріп, азаматтардан түскен өтініштердің назардан тыс қалмайтындығын атап өтті.

    есеп беру Жамбыл облысы онлайн полиция

    Оқылып жатыр

    Абай болыңыздар: Алматыда «жасырын патрульдер» жолға шықты

    06.04.2026

    Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

    02.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақ елі үшін мамыр айының жартысы демалыспен өтеді

    07.04.2026

    Қазақстанда кредит алушылар саны азайған

    07.04.2026

    Шерзат ісі: Екі сотталушы ақталғысы келеді

    07.04.2026

    Қайрат Сатыбалдыға тиесілі бизнес орталық сатылмай қалды

    07.04.2026

    Атышулы Перизат Қайрат ісіндегі 79 млн теңгелік Lexus 600 көлігі кімге бұйырды

    07.04.2026

    Сәтбаев университеті жанынан құрылыс материалдарын өндіретін зауыт ашылды

    06.04.2026

    Түркияның Анталья қаласында өткен Ethnosport 2027 жаһандық форумында тоғызқұмалақтың халықаралық мәртебесі талқыланды

    06.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.