Close Menu
    Оқылып жатыр

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Жексенбі, 15 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

      12.06.2025

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысы салық кірісінен 113 миллиарт теңгеден асатын табыс түсірді

    Жамбыл облысы салық кірісінен 113 миллиарт теңгеден асатын табыс түсірді

    Өңір тынысы 15.02.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Былтыр Жамбыл облысы салық кірістерінен 113 млрд.теңгеден асатын қаржы түсірді. Бұл туралы ӨКҚ ақпарат алаңында Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Еркебұлан Caғитов айтты.

    Спикердің айтуынша, 113 млрд. теңгеден асатын қаржы бұл республика және облыс бюджеттеріне түскен жалпы қаржы. Оның ішінде облысқа тоқталар болсақ, кіріс қаржы 79 млрд. 417 млн теңгеден асады. Бұл белгіленген жоспардан 6 жарым млрд. теңгеге артық орындалды дейді. Пайыздық көрсеткішпен жергілікті бюджет кірістерінің орындалуы 109,1 %. Ал республика бюджетіне 33 млрд. 837 млн. теңгеден аса қаржы түскен. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 3 млрд. теңгеден асатын артық түсім.

    Былтыр барлығы 2180 салықтық және кедендік тексерулер жүргізілген. Нәтижелері бойынша бюджетке қосымша 3 млрд.600 млн теңгеден астам қаржы түсіпті.

    «Тексерулер нәтижесінде, жалпы алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы 115 186,93 литр болды. Темекі өнімдерінің заңсыз айналымы 1 537 073 қорапты құрады. Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы бойынша барлығы 5 факті бойынша 7,4 тоннаны құрады», — деді Е. Сағитов.

    Брифингте облыс бойынша пәтерлерді жалға беру қызметін көрсетумен айналысатындар жайлы да айтылды. Бұл бағыттағы жеке кәсіпкер ретінде 1 790 салық төлеуші тіркелген. Ал жолаушыларды, жүктерді (такси) тасымалдау бойынша қызмет көрсетумен айналысатын жеке кәсіпкер ретінде 2037 салық төлеуші тіркелген. Түсіндіру жұмыстарының нәтижесі бойынша, жыл басынан бері 437 жеке тұлға жолаушылар мен такси тасымалдау бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкер ретінде тіркелген.

    Оқылып жатыр

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

    15.03.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.