Close Menu
    Оқылып жатыр

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 1 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

      01.04.2026

      Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

      01.04.2026

      Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

      01.04.2026

      Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

      01.04.2026

      Жүсіпбек Қорғасбек роман жазып 15 млн жеңіп алды

      01.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысында әйел екі баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберген: Динара Зәкиева түсініктеме берді

    Жамбыл облысында әйел екі баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберген: Динара Зәкиева түсініктеме берді

    Жаңалықтар 09.02.2026
    gov.kz
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Тараз қаласында әйелдің екі кәмелетке толмаған баласын бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Балалар Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілген. Омбудсменнің айтуынша, өңірлік уәкіл балалардың жағдайымен арнайы барып танысқан.

    «Ұл баланың жағдайы қанағаттанарлық, ал қыз баланың жағдайы ауырлау, сүйек сынуы бар. Анасының бұрын ауыр депрессиялық жағдайы анықталған, алайда емдеу толық көлемде аяқталмаған», – деп жазды Зәкиева.

    Омбудсмен балаларды қорғау ісіндегі ең күрделі мәселелердің бірі – медициналық құпия екенін атап өтті. Оның айтуынша, дәл осы себепті денсаулық сақтау органдары ауыр депрессиялық жағдайы бар немесе психикалық денсаулыққа байланысты есепте тұрған ата-аналармен бірге тұратын балалар туралы балалардың құқықтарын қорғау органдарына ақпарат бермейді.

    «Қатыгездік пен кісі өлтірудің ондаған дерегі осындай жағдайлармен байланысты. Балаларды қорғау функциясын атқаратын органдар қажет болған жағдайда отбасына барып, тиісті шара қолдануы үшін ақпаратқа ие болуы тиіс. Бұл мәселені заңнамалық деңгейде шешу қажет деп санаймын», – деді бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

    Зәкиеваның мәліметінше, күн сайын балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты орта есеппен бес қылмыс тіркеледі. Мұндай қылмыстардың 60–70 пайызы жақын туыстар – анасы, әкесі немесе жақын ортасындағы адамдар тарапынан жасалады.

    Омбудсменнің сөзінше, мұндай қауіптерді алдын ала анықтау өте қиын, себебі қылмыстардың басым бөлігі үй ішінде, жабық есіктің артында жасалады.

    Осыған байланысты 2024–2025 жылдары қабылданған заңдар аясында тәуекелдерді ерте анықтауға, отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған бірқатар жаңа құралдар енгізілген. Өткен жылы мобильді топтар 13 мың отбасын анықтап, оларды отбасыны қолдау орталықтарының сүйемелдеуіне берген. 111/QR 111 арқылы 1130 зорлық-зомбылық дерегі тіркелген. Сонымен қатар 29 мың ата-ана ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылып, 1126 адам ата-ана құқығынан айырылған, 661 адамның құқығы шектелген.

    Сонымен бірге, өткен жылдың қорытындысы бойынша ауыр қылмыстарды анықтау көрсеткіші артқанымен, жыныстық қолсұғушылық, кісі өлтіру және өлімге әкеп соққан ауыр дене жарақаттарына қатысты аса ауыр қылмыстар 6%, 10% және 54%-ға төмендеген.

    балалар қауіпсіздігі Динара Зәкиева Жамбыл облысы терезеден лақтыру

    Оқылып жатыр

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026

    Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

    01.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026

    Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

    01.04.2026

    Жүсіпбек Қорғасбек роман жазып 15 млн жеңіп алды

    01.04.2026

    Қазақстанда өмір сүруге қанша ақша қажет?

    01.04.2026

    Қазақстанда алғаш рет студенттердің AI жобаларына арналған республикалық конкурс ұйымдастырылды

    01.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.