Close Menu
    Оқылып жатыр

    Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

    03.11.2025

    Мамандар Наурызбай ауданындағы жолдың сапасын тексеруде

    03.11.2025

    Алматыда шу болған мектеп қазақ тілінде ашылды

    03.11.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 5 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

      03.11.2025

      Мамандар Наурызбай ауданындағы жолдың сапасын тексеруде

      03.11.2025

      Алматыда шу болған мектеп қазақ тілінде ашылды

      03.11.2025

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025

      Әулиеата жастары кітап арқылы білімін шыңдауда

      26.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысында балық шаруашылығының ахуалы қандай?

    Жамбыл облысында балық шаруашылығының ахуалы қандай?

    Өңір тынысы 03.06.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Балық шаруашылығын дамыту мәселесі Жамбыл облысы үшін маңызды күйінде қалып отыр. Бүгінде балық өсірудегі аймақтың бұрынғы даңқын жаңғырту жолында бірқатар жұмыстар қолға алынуда.

    Жамбыл ауданының «Сандель» шаруа қожалығының балық  тәлімбағы аумағында өткен семинар-кеңес барысында саланың жағдайы туралы жан-жақты сараланды. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, балық шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу орталықтары мен облыстың әр түкпірінен балық жемін өндіретін компания  мамандары қатысты.        

    «Сандель» шаруа қожалығы аквамәдениетпен 2005 жылдан бері айналысып келеді. Инкубациялық цехта кәсіпорын 100 миллион дана дернәсіл мен 10 миллион дана шабақ өндіреді.

    Шаруашылық басшысы Дилмурат Хусаин-Ахуновтың айтуынша, екі жыл ішінде дернәсіл өндірісін 150 миллион данаға дейін және бір жыл ішінде шабақ өндірісін 15 миллион данаға дейін ұлғайту көзделуде. Мұнда балық тәлімбақтарын қалпына келтіру шаралары қолға алынуда екен. Ол бойынша тоғандар саны артып, инкубациялық цех жаңғыртылмақ. Сонымен қатар құрама жем зауыты салынады. 

    Басқосуда облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аймақтағы балық шаруашылығын дамытудың маңызы зор екендігін, бірақ, өкінішке орай, экономиканың бұл саласына тиісті назар аударылмайтынын,  кейінгі уақытта ол дамуын тоқтатып қана қоймай, құлдырап бара жатқанын атап өтті.

     Аймақ басшысы балық шаруашылығын жандандыру қажеттігіне көңіл бөлді. Қазіргі таңда облыс бойынша жылына мың тонна балық өндірілсе, ал Кеңес кезінде бұл көрсеткіш шамамен бес мың тоннаны құраған. Сол себепті ол өңірдегі импортқа тәуелді саланың бірі болып қалуда.

     — Бір кездері Жамбыл облысы ірі балық өндіруші өңірлердің бірі болған. Ал бүгінде Балқаш көлінен шамамен 700 тонна балық ауланады, ал ауылшаруашылық кәсіпорындарымен тағы 300 тонна алынады. Бұл өте аз. Балық шаруашылығы қайта экономиканың маңызды салаларының біріне айналуы тиіс. Мемлекет алға дамып келеді. Мал азықтарын субсидиялауға ақша бөлінуде. Бірақ мәселелер әлі де жоқ емес. Облыста балық өсірумен тек 60 шаруашылық айналысуда десек, олардың бесеуі ғана ірі құрылым саналады. Тауарлы балық өндірісінің көлемін арттыру керек. 2021 жылы бұл тұрғыдағы өсімді 2400 тоннаға, 2022 жылы 3000 тоннаға, 2025 жылы  3500 тоннаға дейін жеткізу қажет, — деді ол.         

    Еске сала кетейік, өткен жылдан бастап ауылшаруашылық құрылымдарына соңғы 10 жылда алғаш рет мал азығы үшін субсидия төлене бастады. Мәселен, былтыр шаруаларға шамамен сегіз миллион теңгеге субсидия төленген. Биыл қаржыландыру көлемі 10 миллион теңгеге жетпек.              

     Аймақ басшысы жауапты ведомстволарға балық шаруашылғы саласын дамыту жобасын әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар, технологияны дамыту және аграршылардың білімі мен практикалық тәжірибесін арттыру мәселелері де қарастырылады.     

    Семинар барысында саланы дамытудағы кездесіп отырған өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары жан-жақты талқыланды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын жолдап, ұтымды ұсыныстарын білдірді. Негізінен қатысушылардың дені су тапшылығына қатысты шағымданып, өзендер мен көлдердің түбін тереңдету жұмыстарын жүргізуді талап етті. Сондай-ақ, олар балық аулау мерзімдерін өзгерту қажеттілігін жеткізді.        

    Бердібек Сапарбаев көтерілген барлық мәселелерді жедел назарға алып, қарастыруды және мүмкіндігінше өңірдегі балық өндірісінің өркендеуін тежеп отырған кедергілерді жоюды тапсырды.

    балық шаруашылығы Жамбыл облысы

    Оқылып жатыр

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    28.10.2025

    Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

    25.10.2025

    Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

    16.10.2025

    «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

    28.09.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

    03.11.2025

    Мамандар Наурызбай ауданындағы жолдың сапасын тексеруде

    03.11.2025

    Алматыда шу болған мектеп қазақ тілінде ашылды

    03.11.2025

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    28.10.2025

    Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

    25.10.2025

    Міржақып Дулатұлы атындағы дәрісхана ашылды

    23.10.2025

    «Қызғылт қазан» марафонына 150-ге жуық әйел қатысты

    18.10.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.