Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ербол Хамитов Паралимпиада алтынын иеленді

    13.03.2026

    Атыраудағы BINOM мектебіндегі пышақтасу: оқушы қыз ауруханаға түсті

    13.03.2026

    Жол құрылысының жаңа технологиялары: Алматыда студенттерге тәжірибелік дәріс өтті

    13.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 14 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ербол Хамитов Паралимпиада алтынын иеленді

      13.03.2026

      Атыраудағы BINOM мектебіндегі пышақтасу: оқушы қыз ауруханаға түсті

      13.03.2026

      Жол құрылысының жаңа технологиялары: Алматыда студенттерге тәжірибелік дәріс өтті

      13.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 2-орынға көтерілді

      13.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026

      Атырауда 15 жастағы оқушы жоғалды

      26.02.2026

      Абай университетінде түлектердің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған «Сұхбат» жобасы өтті

      24.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Өңірімізде бес мектеп пайдалануға берілді

    Өңірімізде бес мектеп пайдалануға берілді

    Өңір тынысы 01.09.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Мектепте жақсы білім алу – оқушының басты міндеті. Ол үшін оқу ордаларын заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, барынша жағдай жасау бүгінгі күннің талабы. Білім күні – әсіресе, мектеп табалдырығын ең алғаш рет аттаған балалар үшін өте маңызды, көптен күткен күн. Бұл ретте биылғы Білім күніне орай Жамбыл облысында 5 бірдей мектептің пайдалануға берілгені аталған мектептердің ұстаздар ұжымы, оқушылар, олардың ата-аналары үшін үлкен қуаныш болғаны сөзсіз.

    Білім күніне орай пайдалануға берілген мектептердің бірі Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Бірлесу-Еңбек ауылындағы 140 орындық орта мектеп.

    Бұл Бірлесу-Еңбек орта мектебі демографиялық өсімге байланысты орын тапшылығын жою мақсатында жаңадан бой көтеріп отыр. Орайы келгенде айта кетерлігі, жаңа білім мекемесінде балалардың сапалы білім алуларына барлық жағдай жасалыпты. Мәселен, мектепте 18 оқу қабинеті, спорт залы, мәжіліс залы,  асхана, 2 компьютерлік сынып, робототехника және жаңа модификациялық кабинеттері бар.

    Биыл мектепте барлығы 250 оқушы екі ауысымда оқымақ. Оқу ордасында 39 педагог қызмет етсе, оның 12,5 пайызын – жас мамандар құрайды.

    «Жамбылдықтар жаңа оқу жылын жаңа леппен бастамақ. Өңірде жыл сайын жаңа мектеп пен балабақшалар құрылысы қарқын алып келеді. Бұл — бүгінгі ұрпақтың білім нәрімен сусындап, өмірден өз орнын таба білетін білімді, сауатты маман болып шығуы үшін жасалған қадам. Облыста 2019-2020 оқу жылында 5 мектеп пайдалануға берілді. Оның біреуі үш ауысымды, біреуі апатты жағдайдағы және үшеуі орын тапшылығы бар мектептің мәселесін шешіп отыр.

    Атап айтқанда, Т.Рысқұлов ауданы Жалпақсаз ауылындағы 48 орындық, Байзақ ауданы Ақшолақ станциясындағы 120 орындық, Шу қаласы Тоғай алқабындағы 300 орындық, Жамбыл ауданы Бірлесу-Еңбек ауылындағы 140 орындық, Меркі ауданы Қазақ-Дихан ауылындағы 120 орындық орта және бастауыш мектептері жаңа оқу жылын жаңа ғимаратта бастағалы отыр», — деді өңір басшысы Асқар Мырзахметов құттықтау сөзінде.

    Қазіргі кезде өңірдегі үш ауысымды мектептердің мәселесі толығымен шешілген. Бұл туралы облыстық Білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова айтып берді.

    «Жыл соңына дейін тағы 4 нысан пайдалануға беріледі. Қалған апатты және орын тапшылығы бар мектептердің құрылысын жүргізуге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, мәселесі кезең-кезеңімен шешілетін болады.  Биыл облыстың білім жүйесін қаржыландыруға 130 миллиард теңге бөлінсе, бұл  өткен жылмен салыстырғанда 22,2 миллиард теңгеге артық. Оның 5,1 миллиард теңгесі білім беру нысандарының құрылысы мен күрделі жөндеуге қарастырылған. Бүгінде 15 білім нысанының құрылысы жүргізілуде», — деді Рахия Тұрмаханбетова.

    мектеп

    Оқылып жатыр

    Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

    13.03.2026

    Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

    13.03.2026

    Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

    04.03.2026

    Жемқорлардан қайтарылған ақшаға 77 мектеп салынған

    03.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ербол Хамитов Паралимпиада алтынын иеленді

    13.03.2026

    Атыраудағы BINOM мектебіндегі пышақтасу: оқушы қыз ауруханаға түсті

    13.03.2026

    Жол құрылысының жаңа технологиялары: Алматыда студенттерге тәжірибелік дәріс өтті

    13.03.2026

    Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

    13.03.2026

    Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 2-орынға көтерілді

    13.03.2026

    Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

    13.03.2026

    «Қызылорда — Ақтөбе» төрт жолақты автожолының құрылысы басталды

    13.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.