Close Menu
    Оқылып жатыр

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Бейсенбі, 5 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

      13.05.2025

      Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

      05.05.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025

      Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

      01.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысында биыл егістік алқап 770,7 мың гектарға жетеді

    Жамбыл облысында биыл егістік алқап 770,7 мың гектарға жетеді

    Өңір тынысы 24.01.2023
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Биыл аймақта ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 14,7 мың гектарға артып, 770,7 мың гектарға жетеді  деп болжануда. Егіс алқаптарын әртараптандыру мақсатында облыста дәнді және дәнді бұршақты, майлы және көкөніс-бақша дақылдары мен картоп, қант қызылшасын отырғызуға басымдық беріледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингінде облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек айтты.

    — Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 100 миллиард теңгеден астам қаржы қаралып отыр. Бұл қаржылар шаруаларға субсидия төлеуге, пилоттық жоба мен сүт тауарлы фермаларын құру, көкөніс қоймаларын салу, құс және балық шаруашылығы сияқты жобаларды іске асыруға жұмсалады, — деді Қанатбек Қайшыбекұлы.

    Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары «ҚазАгроҚаржы», «Аграрлық несие корпорациясы» секілді қаржы институтары асыраушы саланы дамытуға бағытталған бағдарламаларды қолға алғанын да жеткізді.

    Спикерлердің қатарында болған ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітеков өңірде биыл 10 мыңнан астам алқапқа қант қызылшасын егу жоспарланып отырғандығын жеткізді.

    — Көктемгі дала жұмыстарына қажетті 90,2 мың тонна тұқым көлемінің 68,9 мың тоннасы қамбада сақтаулы. Ал жетіспейтін қант қызылшасын, дәндік жүгері мен картопты, сүрлемдік жүгері және күнбағыс дақылдарының тұқымын өзге өңірлер мен шет мемлекеттерден жеткізу жоспарлануда. Жалпы, көктемгі егістік жұмыстарына 7317 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларын жұмылдыру көзделіп отыр. Айта кетейік, былтыр асыраушы саладағы техникалардың жаңару көрсеткіші 11 пайызға жетсе, биыл 12 пайыз жаңарту жұмыстары жүргізілмек, — деді басқарма басшысы.

    Сондай-ақ ол облыс аумағында қант қызылшасының алқабын ұлғайту жұмыстары қолға алынғанын атап өтті. Оның айтуынша, Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов және Шу аудандарындағы 10 мыңнан астам алқапқа тәтті түбір егу жоспарлануда.

    Бұдан бөлек, брифинг барысында«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының өңірдегі филиалының директоры Жанар Шаймерденқызы шаруалар «Стандартты лизинг», «Экспресс-лизинг» және «Мастер-лизинг» бағдарламалары арқылы субсидияның игілігін көріп ортырғандығын айтса, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалының директоры Бауыржан Тәжібаев өткен жылы 13 миллиардтан астам несие берілгенін тілге тиек етті.

    Оқылып жатыр

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

    15.03.2025

    Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

    03.03.2025
    Соңғы жаңалықтар

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.