Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сенбі, 17 Мамыр
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

      13.05.2025

      Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

      05.05.2025

      Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

      30.04.2025

      Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

      24.04.2025

      Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

      23.04.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025

      Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

      01.03.2025

      Қарағандыдағы медицина колледжі жабылмайтын болды

      25.02.2025

      Теміржолдың тірегі: хантаулық Жаңабек Амангелдіұлының еңбек жолы

      05.02.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысында екі ай бойы көшпелі экскурсия өтеді

    Жамбыл облысында екі ай бойы көшпелі экскурсия өтеді

    Мәдениет 03.09.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    3 қыркүйекте Жамбыл облысы Қордай ауданы Әлжан ана ауылының Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасының көшпелі экскурсиясы өтті.

    Оның шымылдығын ашқан Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов жергілікті тұрғындарды «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрме жобасымен қысқаша таныстырды.
    Елбасы кітапханасының қызметкерлері «Тұңғыш» экскурсиялық концепциясының аясында «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасына тақырыптық экскурсиялар әзірлеген. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы мен тәуелсіз Қазақстанның даму тарихынан сыр шертетін деректі фильмдердің көрсетілімі өтті. Аудан тұрғындарының назарына Елбасы кітапаханасының музей қоры мен Елбасының жеке архивінен жасақталған «Елбасы және жаңарған Жамбыл өлкесі» фотосуреттер көрмесі де ұсынылған.

    Іс-шараға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова да қатысты.

    «Жамбыл облысына жол тартып келген көрме жобасы сирек кездесетін, құнды жәдігерлерін әуелі аудан тұрғындарының назарына ұсынып отыр. Бұл бастаманың жергілікті халыққа деген құрметтің белгісі екені сөзсіз. Оны тамашалауға жиналған азаматтар үшін мұндай сый — үлкен абырой. Ұлт тарихын қастерлейтін жандар елдің ертеңін де ойлайды. Сол себепті сіздер мен біздердің Мәңгілік ел тізгінін ұстауды парыз санауымыз орынды, — деді Сұлушаш Құрманбекова.

    Өз сөзінде әкім орынбасары Елбасы кітапханасының ұжымына алғыс білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі.

    Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов Қордай ауданы әкімінің орынбасары Б.Жамангөзовке алғыс хат пен «Н.Назарбаев. Өмірбаян», «Назарбаев моделі» кітаптарын табыстап, Мәдениет үйінің кітапханасына құнды басылымдардың жинағын тарту етті.

    «Тарихи таңдау. Бастау», «Тарихи таңдау. Өрлеу», «Қазақстанның спорттық даңқы» тақырыптық экскурсиялары «Тұңғыш» экскурсиялық концепциясына негізделеді. Олардың аясында Қордай ауданының тұрғындары сирек кездесетін бейнематериалдардың, фотосуреттер мен архив құжаттарының, жәдігерлердің бірегей кешенін тамашалады. Бұл материалдар кезінде ҚазКСР Министрлер кеңесінің төрағасы, Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы, Жоғарғы Кеңес төрағасы болған Н.Ә.Назарбаевтың еңбек жолын комсомол-металлург кезінен бастап ҚР Тұңғыш Президенті атанған кезеңіне дейін баяндайды. Келушілер отандық және шетелдік спортшылардың Н.Ә.Назарбаевқа тарту еткен сыйлықтары мен марапаттарымен де танысты.

    Осы шараның басы қасында жүрген Елбасы кітапханасының қызметкері Олжас Беркінбаев ауыл жастары да қарттары да осы көрмеге қызығушылық танытқанын, сыйға берілген кітаптарды қуана алғанын айтады.

    «Жалпы адам қай бағытта ізденсе сол жолмен жүретіні анық. Негатив дүниелерден арылып, кітап оқу, көрмелерді тамашалау мәдениеті қайта жанданып жатыр. Қалада кейбір адамдар кітапхана, музейге кіруге қымсынатын секілді. Оның барлығы осы қала тұрғындары мен қала қонақтары үшін жасалған және кіру тегін. Әлжан ана ауылы тамаша елді-мекен екен. Құдды бір ауылдың өзі музей болып көрінеді», — дейді Олжас Беркінбаев.

    Олардың қатарында болған Арайлым Қасымова экскурсиялардың құндылығын жоғары бағалады.

    «Ел тәуелсіздігі негізін қалаған тұлғаның дара жолы кез келген қырынан маңызды оқиғалар мен парасатты шешімдерге толы. Мұны бейнелейтін бүгінгі көрме өткенге саяхат жасап, көпке мәлім бола бермейтін деректерді ұсынады. Мектеп мұғалімі ретінде бірегей құжаттардың, бейнематериалдар мен суреттердің арқасында білімін толықтырған оқушыларым үшін ризамын. Шалғай жердің тұрғындарына деген бұл қамқорлыққа алғысымыз мол», — деп бөлісті ол.

    Аталмыш экскурсиялармен Шу ауданының тұрғындары 4 қыркүйекте, сағат 11.00. -де таныса алады. Іс-шара Шу қаласының С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде ұйымдастырылады.

    Көшпелі экскурсиялар Елбасы кітапханасы көрме жобасының аясында ұйымдастырылады. Ауқымды жоба ғылыми-білім беру, мәдени-ағартушылық іс-шараларды қамтиды. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихындағы Елбасының шешуші рөлін жүйелі баяндайтын «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» қор көрмесі бұл жобаның ең маңызды іс-шарасы болып отыр.

    2017 жылғы қарашадан бастау алған «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасымен Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының 900 мыңға жуық тұрғыны танысып үлгерді. Көрме Жамбыл облысында 2019 жылғы қазан айының соңына дейін жалғаспақ.

    кітап көрме Қордай ауданы

    Оқылып жатыр

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

    23.04.2025

    Жетісудағы наурыз тойы

    07.04.2025

    Жолшылар ұлттық спорт күні асық атудан бақ сынасты

    20.03.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025

    Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

    23.04.2025

    Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

    23.04.2025

    Алматыда Zhas Skills – 2025 байқауы өтті: Жастар жол саласының қыр-сырымен танысты

    22.04.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.