Понедельник, 12 октября
Жамбыл облысында «Сергекке» оқ атқан ер адам айыппұл арқалады, деп хабарлайды Tarazy.kz

М. 2025 жылы желтоқсанда Сарыкемер — Түймекент — Ақшолақ тасжолында пневматикалық мылтықтан оқ атып, «Сергек» камерасына қасақана зақым келтірген. Соның салдарынан «І.» ЖШС-ға материалдық шығын келген.

Сотта ер адам кінәсін толық мойындап, келтірілген залал ішінара өтелгенін айтқан. Десе де жәбірленуші тарап залал толық көлемде өтелмегенін мәлімдеген.

Сот қаулысымен М. ӘҚБтК-нің 147-1-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 196 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Exit mobile version