14 желтоқсанда Жамбыл облысындағы «Айша-биби» өткізу пунктінде ірі көлемде есірткі заттарын тасымалдауға бағытталған әрекет тоқтатылды, деп хабарлайды Tarazy.kz
«14 желтоқсан күні «Айша-биби» өткізу пунктінде ҰҚК шекара қызметі көліктің жасырын бөліктерінде техникалық құралдарды қолдану арқылы 36 қаптама күдікті заттарды анықтады. Кейбір қаптамаларда «999» деген таңба болған», – делінген Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан хабарламада.
ҰҚК мәліметінше, сараптама нәтижесінде табылған заттардың жалпы салмағы 30 кг-нан асып, олар есірткі екенін көрсетті: героин – 0,999 кг, опий – 3,620 кг, гашиш – 25,949 кг.
Оқиға орнында шетелдік азамат ұсталған, қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.
«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөліміне сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды», – деп түйіндеді ҰҚК.
