Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған болуы мүмкін деген науқастар жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті мәлімдеді.
«Қазақстанның 150 азаматы Оңтүстік Кореядан Жамбыл облысына жеткізілді деген ақпарат шындыққа жанаспайды», — деді комитеттегілер.
Ведомство мәліметі бойынша, Жамбыл облысында коронавирустың жетуі мен таралуының алдын алу үшін барлық шара жасалып жатыр, медициналық ұйымдардың бәрі дайын, күн сайын шетелден келгендер бақылауда болады.
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті халықты жалған ақпарат таратпауға шақырды. Сондай-ақ, фейк-жаңалық таратқан адамдардың жауапқа тартылатынын ескертті.