Close Menu
    Оқылып жатыр

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

    10.02.2026

    Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

    10.02.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 11 февраля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

      10.02.2026

      Алты ай бойы аңдыған: Астанада сталкинг жасаған адам сотталды

      10.02.2026

      Шымкентте пәтерден бір отбасының үш мүшесі өлі табылды

      10.02.2026

      Нипах вирусына байланысты Қазақстан шекарасында бақылау күшейтілді

      10.02.2026

      Ақтөбедегі қайғылы жағдай: жеке үйден әйел мен үш баланың денесі табылды

      09.02.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

      11.02.2026

      Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

      10.02.2026

      Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

      10.02.2026

      Жетісу университетінде ғалымдар Конституцияның жаңа жобасын талқылады

      03.02.2026

      Алматы облысының активі жаңа Конституция жобасын талқылап, қолдау білдірді

      02.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Өңірімізде «Мектепке жол» акциясы қарқынды жүргізілуде

    Өңірімізде «Мектепке жол» акциясы қарқынды жүргізілуде

    Өңір тынысы 17.09.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбылда «Мектепке жол» акциясы аясында бүгінге дейін 29 927 балаға 435 миллион 224 мың теңгенің материалдық көмегі көрсетілді.

    Бұл ағымдағы жылғы 1 шілде мен 16 қыркүйек аралығындағы көрсеткіш. Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының баспасөзге жауапты маманының берген мәліметіне сүйенсек,  бұл басқарманың ұйымдастыруымен өтіп жатқан осынау дәстүрлі жалпы республикалық акциясы жыл бойы жалғасатын болады.

    «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу жөнінде өңірлік іс-шаралар жоспары әзірленіп, облыс әкімдігі тарапынан бекітілді. Акция аясында өңірдегі түрлі себептермен оқумен қамтылмай отырмай отырған мектеп жасындағы балаларды анықтау мақсатында 1 шілде – 16 қыркүйек аралығында 1276 рейдтік іс-шара жүргізілді. Оған білім беру және балалардың құқығын қорғау ұйымдары, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, халықты әлеуметтік қорғау саласының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпараттық құралдары мен ата-аналардың өкілдерінен құралған барлығы 1905 тұлға қатысты»,-дейді білім басқармасының бас маманы Гауһар Байтелиева.

    Бас маманның айтуынша акция аясында жергілікті бюджет есебінен 368 миллион 588 мың теңгеге 23777 балаға киім-кешек, мектепке керек құрал-жабдықтар алып берілген. Дәл осындай көмек түрлері демеушілер есебінен 66 миллион 635 мың теңгеге 6157 балаға көрсетілген. Көмекпен қамтылғандардың дені көпбалалы, аз қамтылған, толық емес отбасылардан шыққан және жетім балалар. Бүгінгі таңда облыстағы көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан балалардың саны — 28230. Айта кетейік, өткен жылы өңірде «Мектепке жол» акциясы барысында 32106 балаға 324 миллион 752 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілген болатын.

    «Бүгінгі күні өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жалғастырылуда. Білім басқармасында жыл бойы азаматтардың өтініштері бойынша жедел шара қолдану мақсатында байланыс телефондары қызмет етеді. Ондай байланыс телефондары барлық білім бөлімдерінде де қызмет етеді», — дейді Гауһар Байтелиева.

    ҚР Білім және ғылым министрлігі биыл «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы бойынша қосымша шаралар қабылдайтын болады, акция 2008 жылдан бері жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінде өткізіліп келеді.

    «Биыл акция бір ай ерте, яғни 1 шілдеден басталады. Көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында жылжымалы пункттер, сондай-ақ еріктілерді тартумен мобильді топтар ұйымдастырылады», — деді Асхат Аймағамбетов.

    мектеп

    Оқылып жатыр

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

    10.02.2026

    Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

    10.02.2026

    Жетісу университетінде ғалымдар Конституцияның жаңа жобасын талқылады

    03.02.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

    10.02.2026

    Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

    10.02.2026

    Алты ай бойы аңдыған: Астанада сталкинг жасаған адам сотталды

    10.02.2026

    Шымкентте пәтерден бір отбасының үш мүшесі өлі табылды

    10.02.2026

    Нипах вирусына байланысты Қазақстан шекарасында бақылау күшейтілді

    10.02.2026

    Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

    10.02.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.