Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақ елі үшін мамыр айының жартысы демалыспен өтеді

    07.04.2026

    Қазақстанда кредит алушылар саны азайған

    07.04.2026

    Шерзат ісі: Екі сотталушы ақталғысы келеді

    07.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 8 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда кредит алушылар саны азайған

      07.04.2026

      Шерзат ісі: Екі сотталушы ақталғысы келеді

      07.04.2026

      Қайрат Сатыбалдыға тиесілі бизнес орталық сатылмай қалды

      07.04.2026

      Атышулы Перизат Қайрат ісіндегі 79 млн теңгелік Lexus 600 көлігі кімге бұйырды

      07.04.2026

      Сәтбаев университеті жанынан құрылыс материалдарын өндіретін зауыт ашылды

      06.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылда жедел штабтың кезекті отырысында бірқатар мәселелер қаралды

    Жамбылда жедел штабтың кезекті отырысында бірқатар мәселелер қаралды

    Өңір тынысы 27.04.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Өңірлік жедел штабтың кезекті отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан халқына Үндеуінде айтылған міндеттерді жүзеге асыру туралы мәселе қаралды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі.

    Бүгінгі таңда облыста коронавирустың 106 жағдайы тіркелген, 43-і емделіп шықты. Негізгі міндет – науқастардың санын көбейтіп алмас үшін қатаң бақылауды босаңсытпау.

    Басқосуда облыстық жедел штабтың төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ең алдымен медицина және полиция қызметкерлері өтуі тиіс «COVID-19» бойынша тесттердің санын арттыруға назар аударды.
    261 мыңнан астам жамбылдықтар жалпы сомасы 11,5 млрд. болатын 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге қол жеткізген. Ал, 77 мың адам 440 миллион теңгеге азық-түлік жиынтығын алды.

    «Біз біргеміз!» акциясы аясында жалпы 834 млн. теңге жиналып, 17 мыңнан астам адам қамтылды. 2 мың дәрігер мен полиция қызметкерлеріне 210 млн. теңгеге үстемақы мен сыйақылар төленді.

    — Жұмысын бастайтын шағын және орта кәсіпорындардың тізімін жасау керек. Оларға жұмысын қайта бастау үшін рұқсат тек қауіпсіздік техникасы мен санитарлық талаптарды сақтай алатындығын дәлелдей алғанда ғана беріледі. Олардың сақталуын бақылау аудан әкімдеріне жүктеледі, — деді аймақ басшысы.

    Күніне кемінде екі рет дезинфекциялау және қорғаныс костюмдері мен бетперделерінің болуы басты назарға алынбақ.

    Ұсынылған шағын және орта кәсіпорындар тізімнен шаштараздар мен сұлулық салондарын алып тастау туралы шешім қабылданды. Онда адамдардың жиі байланыста болуы мүмкін және санитарлық талаптардың орындалуы қиын. Алайда, қызмет көрсету станциялары, автожуу, азық-түлік емес дүкендер және басқа да объектілер өз жұмысын бастайды. Ал, мейрамханалар мен кафелер әлі де жеткізіп беру режимінде қызмет ете береді.

    Жағдайы төмен, көп балалы отбасылардың біреуі қамқорсыз қалмас үшін белсенді демеушілерді тартуды жалғастыру беру қажет.

    — Үйлестіру кеңсесіндегі және әлеуметтік бағдарламалардағы барлық тізімдерді тексеріңіздер. Көмекке мұқтаж кез келген адам көмек алуы тиіс, — деп атап өтті облыс әкімі.

    Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік телемдерді екінші қайтара төлеу шараларын, коммуналдық шығындарды өтеу үшін 15 мың теңгені рәсімдеуді ұтымды ұйымдастыра білу қажет.

    Ұлы Жеңіс күні қарсаңында ардагерлер мен оларға теңестірілгендер тиісті төлемдерді қол жеткізеді. Облыстағы соғысқа қатысқан 57 ардагерге 1 миллион теңгеден беріледі, оларды қала және аудан әкімдері арнайы жеке құттықтайтын болады.

    Тиісті орындар әлеуметтік желілерде жалған ақпараттар таратып, қоғамда дүрлікпе туғызатын тұлғаларды анықтау жөніндегі жұмысты жандандыра түсуі маңызды.

    — Мемлекет басшысы айтқандай, 11 мамырға дейін ел экономикасын қалпына келтірудің кешенді жоспары түзіледі. Осы орайда Жамбыл облысы да 7 мамырға дейін өз нұсқасын әзірлеп, үкіметке ұсынуы керек.

    Шектеу шараларын енгізу аймақтық экономикаға қай деңгейде әсер ететіні, қандай шаралар көп зардап шегеді, қай жерлерде табыстың төмендеуі, жұмыссыздық деңгейі артатыны туралы болжам жасау қажет. Бастапқы болжамдарға сәйкес, бұл сауда, кәсіпкерлік, мәдениет, өнер және спорт салалары. Осыған орай, 30 сәуірге дейін аумақтық жұмыспен қамту жол картасын әзірлеу қажет.

    Негізгі мақсат – кемінде 26 мың, оның ішінде 11 мың тұрақты жұмыс орнын құру, жұмыс орындарының жаппай босауына жол бермеу.

    Ең бастысы — тәртіпті сақтау, әр адамның өз тағдыры үшін ғана емес, сонымен бірге жақын және айналасындағы адамдардың тағдыры үшін де жауапкершілікті сезінуі тиіс, — деді Бердібек Сапарбаев жедел штаб отырысын қорытындылай келе.

    Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысы

    Оқылып жатыр

    Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

    02.04.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақ елі үшін мамыр айының жартысы демалыспен өтеді

    07.04.2026

    Қазақстанда кредит алушылар саны азайған

    07.04.2026

    Шерзат ісі: Екі сотталушы ақталғысы келеді

    07.04.2026

    Қайрат Сатыбалдыға тиесілі бизнес орталық сатылмай қалды

    07.04.2026

    Атышулы Перизат Қайрат ісіндегі 79 млн теңгелік Lexus 600 көлігі кімге бұйырды

    07.04.2026

    Сәтбаев университеті жанынан құрылыс материалдарын өндіретін зауыт ашылды

    06.04.2026

    Түркияның Анталья қаласында өткен Ethnosport 2027 жаһандық форумында тоғызқұмалақтың халықаралық мәртебесі талқыланды

    06.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.