Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Жексенбі, 8 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысында жол қауіпсіздігі айлығы өткізілуде

    Жамбыл облысында жол қауіпсіздігі айлығы өткізілуде

    Өңір тынысы 24.07.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 19 шілдесі  мен 18 тамызы аралығында Жамбыл облысының аумағында «Қауіпсіз жол»жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

    Рейдтік іс-шаралар шеңберінде әкімшілік полиция қызметкерлері кәсіпорындарда және еңбек ұжымдарында жүргізушілермен, оның ішінде автобус, маршруттық көлік құралдары мен такси жүргізушілерімен профилактикалық әңгімелер жүргізеді. Ал облыс орталығы мен қала сыртындағы жолдардың апатты-қауіпті учаскелерінде полицейлер бүктемелер, брошюралар мен жадынамалар таратуды ұйымдастырды. Жүргізушілерге жол-көлік оқиғасының негізгі себептері туралы айтып, жол ережесін сақтауға шақырды.

    Апаттар санын азайту үшін жол қозғалысын бақылау процесін автоматтандыру бойынша шаралар кешені жүзеге асырылады. Мысалы, облыстағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында республикалық маңызы бар автожолдарда көлік құралдарының жылдамдық режимін бақылауды жүзеге асыратын 10 «Арқан» мобильді аппараттық-бағдарламалық кешені пайдаланылады.

    Жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде тіркеудің аппараттық-бағдарламалық кешендерін пайдалану оларды қолданудан оң нәтиже берді: трассаларда 12 «Автоураган» кешені орнатылды, олардың 10-ы қазіргі уақытта тестілік режимде жұмыс істейді, ал екеуі 1 наурыздан бастап жұмыс істейді, соның нәтижесінде аумақтарда  бірде-бір жол-көлік оқиғасы тіркелмеген.

    Бүгінгі күні республикалық автожолдардағы жол-көлік оқиғалары шоғырланған барлық аумақтарда 700 шақырымнан астам шуылды жолақтары жаңартылды. Ал жолдарды қанағаттанарлықсыз ұстағаны және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін полицейлер 162 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

    Полицейлер өткізетін барлық іс – шаралардың міндеті-жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін азаматтардың назарын автожолдарда болған жарақаттар  мәселелерін шешуге аудару.

    «Біз өңірдің барлық тұрғындарын жол қозғалысы қауіпсіздігі айлығына белсенді қатысуға шақырамыз. Жол қозғалысына күнделікті қатысуда   жауапкершілікпен қараулары қажет.  Жүргізушілер жол жүру ережелерін сақтасын. Ал жаяу жүргіншілер жүріс бөлігі арқылы өтетін уақыт пен орынды таңдағаны дұрыс. Жолаушылар болса әрқашан қауіпсіздік белдіктерін пайдалануы, сондай-ақ құқық бұзған жүргізушілер туралы құқық қорғау органдарына хабарласын», — деді Жамбыл облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары  полиция подполковнигі Николай Сон.

    Оқылып жатыр

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

    15.03.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.