Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 4 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

      03.04.2026

      Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

      03.04.2026

      Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

      03.04.2026

      Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

      03.04.2026

      Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

      03.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысының әкімі ауылдықтардың мәселелерін тыңдады

    Жамбыл облысының әкімі ауылдықтардың мәселелерін тыңдады

    Өңір тынысы 03.10.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің тұрғындармен кездесулері жалғасуда.

    Айта кетейік, бүгінге дейін облыстағы түрлі деңгейдегі әкімдер халықпен 820-дан астам кездесу өткізсе, оның 23-і облыс әкімінің қатысуымен ұйымдастырылған.

    Бүгін аймақ басшысы Жамбыл ауданының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелелері бойынша қабылдады.

    Басқосуларға облыстық құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты.

    Облыс әкімі алдымен Аса ауылдық округінің тұрғындармен кездесті.

    Нұржан Нұржігітов ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыру барысына тоқталды. Аймақ басшысы Жолдаудағы «Жаңа экономикалық саясат», «Нақты секторды дамыту», «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция», «Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту», «Заң және тәртіп» секілді негізгі бағдарларға жеке-жеке назар аудартып, олар бойынша өңірде атқарылуы тиіс жоспарлы-жұмыстарды атап өтті. Бұл шаралар экономиканы сапалы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік ашып отырғандығын жеткізді.

    Кездесуде ауыл тұрғындары көкейде жүрген сауалдарын жолдап, жауаптар алды. Олар негізінен ағын су, газ тарту, жер телімін беру, қант қызылшасын өсірушілерге қолдау, күл-қоқыстарды жинау және тағы басқа мәселелерді көтерді.

    — Суармалы су мәселесін шешу бойынша облыста ауқымды шаралар атқарылып жатыр. Бұл бағытта Халықаралық даму банктерінің мүмкіндігін пайдалана отырып, бірнеше бағытта жұмыстар жүргізілуде. Аудандардағы каналдар мен ұңғымалар жөнделіп, қалпына келтірілуде. 6 су қоймасын салу жоспарланған.

    Біз жерасты суларын да тиімді пайдалануға баса мән беруге тиіспіз. Бұл орайда ұңғымалардың мүмкіндігіне жүгіну маңызды. Су үнемдеу технологияларын да көптеп енгізуге ден қойған дұрыс. Сонда ғана аймақтағы 180 мың гектар суармалы алқапты ұтымды ұқсата алар едік,-деді Нұржан Нұржігітов.

    Облыс әкімі басқа да сауалдарға жауап бере отырып, өңірдегі оң өзгерістерді тілге тиек етіп, түйінді мәселелерді де ашып айтты.

    Дәл осындай кездесу Гродеково ауылдық округінде де өтті. Ауылдықтардың интернет байланысы, мектеп құрылысы, спорт алаңшасын салуға қатысты жолдаған сауалдарына жан-жақты жауаптар берілді.

    — Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық бағыттағы қордаланған мәселелерді шешу, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Облыстың кешенді даму жоспарына сәйкес нақты межелерге қол жеткізу көзделуде. 2025 жылға қарай облыстағы барлық елді мекен 100 пайыз ауыз сумен қамтылып, табиғи газды тұтынатын болады. Ал, өңірдегі жақсы, қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 2025 жылға қарай 99,5 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз. Елдімекен көшелері 94,1 пайызға дейін жақсартылатын болады. Бұл ретте алдымен халық саны 200-ден асатын ауылдарға көңіл бөлінуде.

    Дегенмен, бізге екі жақты өзара түсіністік пен сенім қажет. Ол үшін заң мен тәртіпті сақтау – басты назарда болуы қажет. Ортақ жауапкершілікті сезінгенде ғана біз кез келген салада қандайда бір жетістікке жете аламыз,-деп түйіндеді Нұржан Нұржігітов.

    Аймақ басшысы ауылдық Мәдениет үйінің жай-күйімен және қызметімен танысты.

    Кездесулерден соң облыс әкімі жергілікті азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өткізді.

    Оқылып жатыр

    Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

    02.04.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026

    Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

    03.04.2026

    Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

    03.04.2026

    Тапқан табыс пен шығын сәйкес келмесе 10% салық төлеуіңіз мүмкін

    02.04.2026

    15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен шартқа қол қойды

    02.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.