Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 4 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

      03.04.2026

      Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

      03.04.2026

      Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

      03.04.2026

      Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

      03.04.2026

      Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

      03.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысының әкімі медицина қызметкерлерін марапаттады

    Жамбыл облысының әкімі медицина қызметкерлерін марапаттады

    Өңір тынысы 16.06.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов медицина қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиынға қатысты.

    «Баласағұн» орталық концерт залында өткен шарада аймақ басшысы ақхалаттыларды мерекелерімен құттықтап, олар таңдаған мамандықтың маңыздылығын атап өтті.

    — Дәрігер – адам жанының арашасысы, жер бетіндегі сан алуан кәсіптің ішіндегі ең қастерлі мамандықтың иесі. Бұл үлкен мәртебе, әрі зор жауапкершілік.

    Халық денсаулығын жақсарту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.  Бұл ретте салауатты қоғам қалыптастырып, дені сау ұрпақ өсіруде дәрігерлердің алар орны ерекше.

    Мемлекет басшысы отандық медицина алдына үлкен әрі жауапты міндеттер қойып отыр. Аз уақыттың ішінде әлемді шарпыған қауіпті індет адамзат баласын әбігерге түсірді. Осынау қиын-қыстау кезеңде біздің мемлекетіміз барлық қолдау шараларын дер кезінде қабылдады.

    Дәрігерлеріміз бен сала мамандары қауіпті індетпен күресте алдыңғы қатарда болып, аянбай еңбек етті.

    Қордай ауданындағы биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты базасында алғаш рет COVID-ке қарсы қазақстандық вакцина әзірленді.

    Біз денсаулық сақтау саласының тиімділігін арттыруда заманауи технологиялар мен практиканы ұштастыра отырып, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жетілдіруіміз қажет,-деді облыс әкімі.

    Аймақ басшысының айтуынша, өткен жылы жергілікті жердегі кадр тапшылығын шешу мақсатында облысқа 98 жас маман тартылып, оның 68-і ауылдық жерлерге жолданса, биыл 23 маман жұмысқа келген.

    Жылдан жылға облыстағы медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы нығаюда, жаңа денсаулық сақтау нысандары бой көтеруде. Айталық, өткен жылы 8 нысанның пайдалануға берілсе, биыл жыл соңына дейін 23 нысан ел игілігіне беріледі деп күтілуде.

    — Үстіміздегі «Балалар жылы» аясында 120 төсектік «Аяла» облыстық балаларды оңалту орталығы ашылды. Алдағы 2023-2025 жылдары 54 медициналық нысанның құрылысы жоспарлануда. Іскерлік ынтымақтастықтың арқасында Меркі және Жамбыл аудандарында, сондай-ақ, Тараз қаласының №5 қалалық емханасында алғашқы үздік практикалық орталықтар ашылды.

    2,3 млрд теңгеге заманауи үлгідегі 20 дана медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды. Жыл санап денсаулық сақтау саласындағы маңызды көрсеткіштер жақсаруда. Халықтың өмір сүру ұзақтығы – 72,7 жасқа дейін ұлғайды,-деді Нұржан Нұржігітов.

    Бұдан соң облыс әкімі облыстың денсаулық сақтау саласына қосып жүрген үлесі үшін бірқатар қызметкерлерді марапаттады. Атап айтқанда саладағы үздік мамандарға «Еңбек ардагері» медалі, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілері, Жамбыл облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгілері және Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табыс етілді.

    Мерекелік шара К. Әзірбаев атындағы облыстық филармония өнерпаздарының әзірлеген концерттік бағдарламасына ұласты.

    Оқылып жатыр

    Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

    02.04.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026

    Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

    03.04.2026

    Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

    03.04.2026

    Тапқан табыс пен шығын сәйкес келмесе 10% салық төлеуіңіз мүмкін

    02.04.2026

    15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен шартқа қол қойды

    02.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.